"Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986
жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
"Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны
жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол
қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді
аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек
саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым,
мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен
әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн
философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз.
Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді.
Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан
шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады.
Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты
білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман
идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі
тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы
мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз
тіркестері енген
Достарыңызбен бөлісу: