1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш



Pdf көрінісі
бет29/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

18.Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш 
жүз», «Шуро-және-Исламия», «Шуро-және-улемия» және т.б.
19. Бірінші Жалпықазақ съезі, «Алаш» партиясының құрылуы. 
Бірінші жалпықазақ съезі-21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, 
Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және де Бөкей Ордасынан 
20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен 
болатын. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлы, 
Ә.Көтібаров, М.Дулатов, А.Сейітовтың хатшылығымен өткен. Бірінші 
жалпықазақ съезінің күн тәртібіне сол кезеңдегі елдің әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне қатысты 14 мәселе қойылды. 
Олар: 
1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 
3. Жер мәселесі 4. Халық милициясы. 
5. Земство. 6. Оқу мәселесі 
7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 
9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 
11. Бүкілресейлік мұсылмандар 12. Қазақ саяси партиясы. 
кеңесі. 


13. Жетісу оқиғасы 
14. Киевте өтетін Бүкілресейлік
федералистер съезіне және Санкт-
Петербургтегі оқу комм. Қазақстан
өкілін жіберу.
Съезде қабылданған қаулы бойынша, «Ресей демократиялық федеративтік 
республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық 
автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса 
ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылданды. Онда: 
«Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге 
берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған 
жерлерді қайтадан қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз 
алдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік 
құрылтай жиналысының болашақ депутаттарына осы жиналыста бұл 
мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын 
тізімді жариялады. Ол тізімге Ә.Бөкейханұлы, Әлімхан Ермеков, 
Х.Ғаббасов, Жақып Ақбаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатұлы, 
А.Бірімжанов, А.Байтұрсынұлы, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, 
Ж.Досмұхамедұлы, М.Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.
Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі 
қазақ зиялылары кірді. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретінде 
ұсынылғандардың арасында Г.Н.Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, 
Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де болған еді.
Бүкіл Ресейлік съез шешіміен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ә.Сәтбаев, 
Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан Х.Досмұхамедұлы мен У.Танашев, 
Жетісудан Б.Мәмбетов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай және Ферғанадан 
Ғ.Оразев сайланады. Бірінші Жалпықазақ съезі қазақ халқының өз алдына 
жеке партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл партия бағдарламасының 
жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінде сайланған қазақ өкілдеріне 
тапсырды. Съездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде 
бола отырып, демократиялық ұстанымдарды басшылыққа алады және қазақ 
халқының мүддесін қорғайтвн партия болуы тиіс еді. Съез жұмысы 
барысында бір топ делегат партия құру ісіне сөйлеген Ә.Бөкейханұлынан 
Ресейлік кадет партиясына қатысын ашық айтуын талап етті. Соған 
байланысты болашақ партия басшысы кадет партиясынан шығатынын 
жеткізді. Съез өз қаулыларында «осы күнгі тұрақты әскер жасақтауды, 
көшпелі елдерде отырықшылардікі сияқты тоқтаусыз болыстық земство 
ашылсын деп земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген 
түрін ұйымдастыруды, «қазақ хадық сотын» жойып, оның орнына «қазақ 
халқының тұрмысына лайықты-айрықша сот» құрруды жақтады. Съездің 


оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі мен дін мәселелері бойынша қабылданған 
шешімдер қазақ зиялыларының осы қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде 
өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын 
айғақтайды. Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыштық білім жалпыға 
міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүргізілсін, 
мектеп оқулықтары және мерзімді басылым «Қазақ» газеті емлесімен 
жазылсын» деп көрсетіліп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси құқықта 
ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 
16-ға толмаған қызға құда түсуге тиым салынсын, неке қиярда әйел мен 
еркекті беттестіріп, ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Съез 
Жетісу облысында болып жатқан жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер 
министрі атына: «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып-жаншып жатқан 
мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың қолынан қару-жарағын 
жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген мазмұндағы 
жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындағы ашаршылықтан 
қырылып жатқан қазақ-қырғызға «Алаш баласының жәрдем беруін» өтініп, 
үндеу тастады. Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар 
съезіне Ә.Бөкейханды, Х.Досмұхамедұлын және Танашевті жіберц жөнінде 
шешім қабылданды. Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы 
баратын болып шешіледі. Съездің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша 
қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде 
жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа 
алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет