21.Шетелдік интервеция және азамат соғысы жылдарыгдағы қазақстан
Интервенция мен азамат соғысының басталу себептері.
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын
тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы
топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған
пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар
мен бүліктер ұйымдастырылды.
Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон,
Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік
және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне
қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.
Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес
өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция,
Жапония, Германия).
Интервенттердің негізгі мақсаты:
1) Большевизмді қоршауға алып, жою.
2) Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік соғысты соза түріп, Россияны
әлсіретуді көздеді.
3) Кеңес үкіметінен монополистердің патша үкіметіне және уақытша
үкіметке берген қарыздарын қайтаруды мақсат етті.
4) Кеңес үкіметі тәркілеген шетел капиталистерінің фабрика- заводтарын
қайтаруды ойластырды.
5) Шетел империалистік мемлекеттер Орта Азия мен Қазақстанда экспанация
жасау әрекеті де көздеді.
Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем
берді.
Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз,
американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.
1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды.
Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты
жаулап алды.
1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы
Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия
Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта
Азияны жаулауға әрекеттенді.
Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция
күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен
жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.
1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі
чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар)
офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп,
Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның
Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын
басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К.
Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я.
Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және
алашордашылар дем берді.
1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға
қарсы «ерекше армия» құрылды.
Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін
Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда
үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша
үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч»)
одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей
қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы
барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов
болды.
1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция
бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде
немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс
қимылдарын күшейте түсті.
1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы
болды. Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2
маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге
мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж.
шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск
(Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған
шоғырлар келді.
1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.
1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде
еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен
кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер
шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер
ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал
қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі
ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер
полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов
Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу
тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер
эскадронын құрды.
1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау
жарияланды.
1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам
мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың
адамдық полктер құрылды.
1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі
армияға шақырылды.
Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ –
дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.
1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал
қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және
Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы
басталды.
1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан
соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә.
Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А.
В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.
Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс
орталығы Черкасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың
маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар
атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда
Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге
әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев
ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар
Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.
Черкасск қорғасының тарихи маңызы:
- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;
- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне
жол берілмеді.
Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы
болды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар
колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау
бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар
«Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.
Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.
Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік
және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе
бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал
Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак
әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете
соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе)
Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау
қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.
Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан
майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.
Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919
жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар
станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде
Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.
Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы
жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В. И. Чапаев және бригада басшысы
Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы қарашада
Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында
Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы
қаңтарда Орал майданы жойылды.
1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н
Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл,
Ақмоланы жаудан босатты.
1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі
қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп,
Жетісу майданы жойылды.
1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік
ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен
бүлік тоқтатылды.
1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы –
Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск
ревкомының үкімі бойынша атылды.
Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа
үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ
гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық
«Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А.
Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын
Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.
1919 жылы 4 сәірде Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті Алашорда
мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.
Азамат соғысының салдарлары:
1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты
2) Мал саны күрт азайды
3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.
4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар
тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.
Әскери коммунизм саясаты:
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды
азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі
деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат
орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық
орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын
мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану
болды.
«Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:
1) Азық – түлік салғырты енгізілді.
2) Жеке саудаға тыйым салынды.
3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6) Басқару ісі орталықтандырылды.
7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер
шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан
әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде
жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның
мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың
мемлекетке міндетті түрде өткізуі.
Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы
әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында
«Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды.
1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді.
Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету
шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді.
Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін
жөндеуден өткізді.
Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан
жанқиярлықпен еңбек етті.
1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі
салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен
жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір
жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын
астықпен қамтамасыз етті.
Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған
облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.
Қазақ АКСР – інің құрылуы.
1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ)
өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет
қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып
саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары,
Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С.
Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев,
Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус –
Зенькович, А. Авдеев т. б.
Казревком міндеттері:
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мәдени құрылыс орнату.
3. Өлке Кеңестерінің құрылтай съезін әзірлеу.
1920 жылы 9 наурызда Алашорданы тарату туралы Казревком шешімі
қабылданды.
Казревком мәдени құрылыста біршама жұмыстар атқарды:
- «Ұшқын» газетін шығарды.
- Ақтөбе уезінде 300 мектеп ашылды.
- Қалаларда мұғалімдер даярлайтын мектептер жұмыс істеді. Сонымен бірге
Казревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды.
1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік
республикасын құру туралы» декрет жарияланды. Орынбор қаласы – астана
(1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары,
Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының
бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы
Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918
ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің съезі
өтті. Мұнда жоғарғы өкімет органдары сайланды: Қазақ АКСР Орталық
Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешев, ал қазақ АКСР – інің Халық
Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В. А. Радус – Зенькович болды. Съезде
«Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.
Декларацияда Қазақ АКСР – нің мемлекеттік басқару органдары,
азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Қазақ АКСР – нің құрылуының тарихи маңызы:
1) Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.
2) Отаршылдыққа қарсы күрес нәтижесі.
3) Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
|