1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы



Pdf көрінісі
бет31/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы. 
Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды: 
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым 
оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен. 
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен 
контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен. 
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 
жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери 
гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет 
үкіметі бейбіт жолмен орнады. 
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық 
және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы 
күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі 


Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес 
үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың 
басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады. 
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан 
тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша 
революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына 
Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. 
Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак 
– орыс және офицер – старшина билеуші топтардың ықпалы басым 
болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. 
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 – 
нан 17 – не қараған түнде көшті. 
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі 
Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі 
елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. 
Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі 
үлес қосты. 
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс 
жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман 
Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне 
қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек 
көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен 
Кеңес үкіметі орнады. 
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда 
жеңіп шықты. 
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық 
күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін 
созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды. 
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты 
жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия 
жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды. 
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық 
(төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп 
«әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – 
телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында 
Кеңес үкіметін орнатты. 


Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), 
Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады. 
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін 
Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі 
өлкеде түгел орнап бітті. 
Социалистік шаруашылық пен мәдениеттің негіздерін жасау. 
Кеңес үкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер оның ішінде 
уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау чиновниктік - әкімшілік, 
қоныстандыру басқармасы, сот жүйесі жойылып, Қазақстанда жаңа үкіметтің 
басқару жүйелері құрыла бастады. Жергілікті жерлерде шаруа Кеңестері, 
халық шаруашылығы Кеңестері құрылды. Кеңестердің атқару комитеттері 
жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер, өнеркәсіп бөлімдері 
ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес үкіметі жауларының қарсылыығын 
туғызды. Сондықтан ішкі конрреволюцияға қарсы күресу үшін қазақ жерінде 
Бүкілроссиялық төтенше комиссиясының (Б.Т.К) органдары құрылып, қызыл 
террор енгізілді. 
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық 
съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер 
жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш 
қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды. 
1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл 
съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік 
Социолистік республикасы жарияланды. 
Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. 
Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. 
(Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын 
реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. 
Розыбакиев.) 
Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын 
мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен 
кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша 
чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп 
берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді 
жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 
жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары 
көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды. 
1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү 
туралы» декрет қабылданды. 


Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды: 
- Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді. 
- Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды. 
- Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды. 
Қазақ АКСР – ін құруға әзірлік жұмыстары жүргізіліп, Ә. Жангелдин 
Қазақстан Кеңестері құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда, қазақ 
АКСР – ін құру дайындықтары шетелдік интервенция мен азамат соғысының 
басталып кетуінен тоқтап қалды. 
Елде азық – түлік дағдарысы тереңдеп, азық – түлік диктатурасы енгізілді. 
Сібірге, Ақмолаға, Семейге, Қостанай уезіне азық – түлік отрядтары 
атандырылды. Олар Петроград және басқа орталық аудандарға 6 млн. пұт 
астық жіберді. Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон 
астық көмек берілді. 
Экономикалық саясатта ақшасыз товар айырбасы басты орын алды: көтерме 
– бөлшек сауда жойылып, азық – түлік комитеттері 1918 жылы көктемде 
Семейде, Ақмола облыстарында құрылды. 
1918 жылы наурызда Торғай облыстың Кеңестер съезі болды. Онда: 
базарларда, көшелерде, пәтерлерде жеке саудаға тыйым салу қарастырылды. 
Саудагерлер тауарлары тәркіленіп, өздерін ауыр жұмыстарға жіберілді. 
Халық шаруашылығының негізіне теңдей бөлу ұстанымын алған әскери – 
коммунистік саясат белгілері пайда болып, қанаушыларды байлығынан 
айыру, жеке меншікті жою әдісі енгізілді. Пролетариат диктатурасы және 
революциялық күштеу арқылы социализм орнату мүмкіндігі туралы 
бұрмаланған түсінік орнықты. 
Жер мәселесін шешудегі жергілікті Кеңес органдарының қызметі бірнеше 
кезеңнен тұрды. 
Оның 1917 жылғы қарашадан 1918 жылғы жазға дейнгі кезеңінде жергілікті 
Кеңестер, жер комитеттері мен комиссарлары бос жерлерді, тәркіленген 
помещик имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, 
жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. 
Шаруалар қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін 
жасады. 
Екінші кезең 1918 жылдың жазынан 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты 
қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске 
асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді. Теңгермешілік негізінде жерді 
шаруалардың пайдалануына беру шаралары жүргізілді. 


1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер – су реформасы іске 
асырылса- 1924 – 1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде жерге 
орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. 
Мұндай шараларды іске асыруда жеткілікті тәжірибенің жоқтығы, жергілікті 
кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының жоқтығы т. б себептер негізінде 
бұл революциялық шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, 
солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын Кеңес үкіметіне сенімді 
азайтатын жайлардың болғанын да айтуымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет