1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты



Pdf көрінісі
бет10/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

3.Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты. 
Жауабтары: 
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында 
жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін 
түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол 
реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап 
алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару 
көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және 
ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. 
Шаруалардың Қазақстан аумағына жаппай қоныс аудару себептері. 
Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери 
топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан 
бастап  жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-
соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік 
тұрғыда қолға алынды.Мұның бірқатар себептері болды. 
Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау 
жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай 
жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі 
шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің 
өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына 
жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. 
Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ 
өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. 
Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы 


қазақтарды  егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді 
ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, 
жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. 
Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу 
және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс 
аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол 
астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар 
арқылы отарлау  экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді.
Әскери  қызметте  жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен 
шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен  жартымды қамтамасыз ете 
алған жоқ. Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін 
тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта 
қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын 
жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет