Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде
Ә.Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томына дейін дерлік көрсетілген.
Ә.Бөкейханұлының алғашқы еңбектерінің бірі ретінде «Женщина в
киргизкой былине Кобланды» атты мақаласы сарапталған. «Туркестанские
ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі
«Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым
С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ
фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне
жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының
шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі,
қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы
әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай
ғылыми мәнді
проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық
мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген.
1905
жылдан бастап
Ресей
конституциялық-демократиялық партиясының
(кадеттер) мүшесі, оның қазақ
бөлімшесін құру мақсатында
Оралда
,
Семейде
жиындар
өткізген.
Қарқаралыда
патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен
қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған
Қарқаралы
петициясын
ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905
жылы Әлихан
Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші
Мемлекеттік
думаға
депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші
Мемлекеттік дума
жұмысына
қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала
өлкесі
генерал-губернаторының
негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3
ай
Павлодар
абақтысында отырды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік
«Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-
Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь»,
«Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.1909-17 жж. «Дон
егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.1911-14 «Қазақ»
газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор
еңбек сіңірді. XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы
училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен
айналысады. Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп
томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде
қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси
қызметтерге де белсене араласа бастайды.
1904
жылы қазақ даласына қоныс
аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының
құрамында болды.
1911
-
14
жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық
сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай
облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы
қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,
публицист,педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20
ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет
қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы
ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің
мүшесі. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын
ұйымдастырып, бағдарламасын жазған. Қазакстанның тұңғыш халық ағарту
министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы,
Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында
Достарыңызбен бөлісу: