Алжир.
Лагерьде 22 болімше болған онда. 22 мыннаң астан жазықсыз
жазаланған «Отаның сатқандардың әйелдері азап шекті. Сотталған аналар
орналасқан лагерьді көпшілік «Алжир -cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның
арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері,
кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға
дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің
артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел
жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-
жазықсыз жапа шекті.
Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік
жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте
дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.
Солардың бірі «Отанына опасыздық жасағандардың жарларының Акмола
лагерінде» (АЛЖИР) С. Сейфуллин, Б. Майлин, Ж. Шанин, С. Асфендияров,
М. Тәтімов, Т. Жүргенов, Н. Нұрмақов, С. Сармолдаев, С. Есқараев және
басқа белгілі қайраткерлердің жарлары қамауда ұсталды. 1938 жылы 6
қаңтарда, мәселен, мұнда 1-3 жас аралығында балалары бар 50 әйелден
тұратын алғашқы этап келіп түседі. Олар ерлері саяси айыпкер ретінде
сотталған, өздері жас сәбилерімен тұтқынға алынған аналар болатын.
Достарыңызбен бөлісу: