1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың партизан



Pdf көрінісі
бет48/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

33.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың партизан 
қозғалыстарына, майдандық операцияларға қатысуы 
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өзінің ішкі, сыртқы саясатында 
ынтымақтастық, бейбітсүйгіш бағытын ұстанып келеді. Бүгінгі таңдағы 
әлемнің бірқатар елдерінде саяси, әскери келіспеушіліктер мен 
қақтығыстардың орын алуы кез келген елде қауіпсіздік, елдің біртұтастығы 
мәселесін алдыңғы қатарға шығарады. Бұл үшін өскелең ұрпақтың, жалпы ел 
азаматтарының отан қорғау қабілетін, патриоттық сезімдерін дамыту бүгінгі 
қоғамның басты міндеті болып табылады. 
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы аталып өткен кезеңде 
Қазақстан тарих ғылымында соғыс жылдарындағы республика тарихына 
қатысты мәселелердің зерттелуі маңызды болып отыр. Ұлы Жеңістің кеңес 
халқына қаншама адам шығынымен, материалдық-техникалық 
зардаптарымен келгені анық. Күші басым жауға қарсы күрес тек қан 
майданда ғана емес, сонымен қатар фашистер уақытша басып алған жерлерде 
де жүргені белгілі. Жау тылындағы партизандардың астыртын қызметі, кеңес 
әскерімен бірлесе жүргізген әрекеті фашизмді жеңудегі маңызды фактордың 
бірі болып табылады. Қазақстандық жауынгерлердің партизандар 
қозғалысына қатысуы мәселесі әлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді. 
Тақырыптың тарихи әдебиеттерде қарастырылуына, дерек көздеріне 
тоқталсақ, партизандық қозғалыстың мәнін, рөлін терең бағалау Коммунистік 
партияның құжаттарында, КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің 
құжаттары, баяндамаларында берілген. Партизандар туралы Кеңес 
Ақпараттық Бюросының хабарламаларында, мерзімдік басылымдарда 


айтылды. Соғыс жылдарының өзінде-ақ кеңестік партизандардың әскери 
әрекеттеріне қысқаша шолуларды Б. Волин, П.К. Пономаренко, Р. 
Сидельский жасаған. «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы» атты 
көлемді ғылыми еңбектің алтыншы томында жау тылындағы кеңес халқының 
ерлігі, коммунистік партияның ұйымдастырушылық рөлі көрсетіледі. 
Партизандық қозғалыстың маңызды қорытындылары Л.Н. Бычковтың «Ұлы 
Отан соғысы жылдарындағы партизандар қозғалысы», «Советские партизаны 
(из истории партизанского движения в годы Великой Отечественной войны)» 
атты еңбектерінде берілген . Қазақстандықтардың партизандар қозғалысына 
қатысуы туралы Қазақ КСР кеңестік дәуірдегі, Ұлы Отан соғысы 
жылдарындағы дамуы туралы жазылған бірқатар ұжымдық еңбектерде 
қысқаша сипаттамалар келтірілген. Бұл бағытта маңызды жұмысты 
партизандық қозғалысқа қатысушылардың өздері жасаған. Олар партизандар 
туралы естеліктер мен әңгімелер, күнделіктер, деректік повестер жазған. 
Мәселен, Т. Жангелдиннің «Партизан күнделігі», «Жолданбаған хаттар», 
«Партизандық жорық», Қ.Қайсеновтың «Партизан соқпақтары», «Жау 
тылында», тағы басқа да еңбектерді айтуға болады. 
1941 жылы 18 шілдеде БКП (б) ОК «Неміс әскерінің тылында күресті 
ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда ерекше айтылатын 
міндет герман жаулаушылары үшін адам төзгісіз жағдай жасау, олардың 
байланыстарын үзіп, әскери техникаларын істен шығару, барлық іс- 
шараларын жүзеге асыруға жол бермеу, басқыншылар мен оларды 
қолдаушылардың көзін жою, атты және жаяу әскер партизандық бөлімдерді, 
диверсиондық және атқыштар топтарын құруға барынша көмектесу, басып 
алынған территорияларда жауға қарсы барлық жұмыстарды басқару үшін 
большевиктік астыртын ұйымдардың желісін құру болды. Сонымен қатар 
онда жау тылындағы күресті барынша белсендендіру туралы айтылды, бұл 
істі ұйымдастыруды республикалық, облыстық, аудандық, партиялық және
кеңестік ұйымдардың жетекшілеріне жүктеді. 1941 жылы 28 шілдеде 
кеңес халқын жау уақытша басып алған аудандарда, жекелеген жау әскері 
бөліктерімен күресу үшін партизандық отрядтар мен диверсиондық топтарды 
құруға шақырды . 
Кеңес адамдарының асқан патриотизмінің көрінісі болып неміс-фашист 
басқыншыларының тылындағы бүкілхалықтық күресі болды. Тіптен басып 
алынған территориялардағы көпшілік кеңес азаматтары өлім қауіпін сепкен 
қатаң террор жағдайында да басқыншыларға мойынсұнбады, неміс билігінің 
экономикалық және саяси шараларын бұзу мен бүліктер ұйымдастыруға 
қатысты, олардың полицайларын жазалады. 1941 жылдың жаз-күзінде 
уақытша басып алынған аудандарда жасырын партизандық астыртын жұмыс 
жүргізушілер, комсомолдық ұйымдар жұмыс жасады. 1943 жылдың аяғында 
миллионнан астам кеңес халқы партизандық қозғалысқа белсенді қатысты. 


А.М. Синицынның «Всенародная помощь фронту» деген еңбегінде құжаттық 
мәліметтер негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашист 
басқыншыларды талқандауда үлкен үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің жаппай 
патриоттық қозғалысы, ерікті ұлттық құрамалардың майдандағы ерліктері 
және басқа да мәселелерді көтерген. Мұндағы «Ұлттық құрамалар» деген 
тарауында партизандық бөлімдердің құрылу тарихы, соғыс уақытындағы 
атқарған қызметі баяндалады. Партизандар бөлімдерінің Қызыл Әскердің 
қуаты мен күшінің өсуінің маңызды қайнар көздерінің бірі болғандығын атап 
өтеді. Автордың көрсетуінше, 1941 жылдың басында жау тылында 250 
мыңдай партизандар әрекет етсе, 1943 жылдың басында Белоруссия, 
Украина, Латвия, Литва, Эстония, Карелия және РКФСР жекелеген 
облыстарында 120 мыңнан астам партизандар соғысқанын көрсетеді. Толық 
емес деректер бойынша, партизан бөлімдерінде барлығы миллионнан астам 
адам соғысқан. 1943 жылы партизандар барлығы 11 мың поездарды 
аударуды, 6 мыңдай паровоздар мен шамамен 40 мыңдай вагондарды, 
цистерналар мен платформалардың көзін жойған немесе зардап келтірген, ал 
бұл уақытта халық кекшілдері 6400 темір жол және тас жол көпірлерін 
жойып, 22 мыңнан астам көлігін жарған . 
З.А. Швыдконың құрастыруымен жарық көрген «Шла война народная. 
Партизаны Великой Отечественной — казахстанцы» атты еңбекте соғыс 
жылдарындағы партизандық қозғалыстың тарихы, қазақстандық партизандар 
туралы біршама қызықты мәліметтер беріледі. Партизандардың жұмысын 
координациялау мақсатында Қызыл Әскермен 1942 жылдың мамырында 
Партизандық қозғалыстың орталық штабы (ПҚОШ), ал кейіннен 
республикандық және облыстық штабтары құрылды. Қызыл Әскердің 
кеңестік партизандармен өзара әрекетінің жарқын үлгісі болып жаудың темір 
жол желісі бойынша жаппай соққы беруі «Рельстік соғыс» болды. Бұл кеңес 
әскерінің 1943 жылдың жазғы шабуылы кезінде болды. ПҚОШ тапсырмасы 
бойынша жау тылына ауыр соққыны берген С.А. Ковпак, А.Ф. Федоров, А.Н. 
Сабуров, П.П. Вершигор, М.И. Наумов, С.В. Гришин, И.З. Коляд, А.В. 
Герман, В.З. Корж, М.Ф. Шмырев және басқаларының басшылығымен 
партизандық бөлімдер болды. Соғыс жылдарында партизандар жалпы 1,5 
миллионнан астам неміс офицерлері, солдаттары, қызметкерлерінің көзін 
жойған. 21376 поездардың аударылуы, 116 бронепоездарды жарды, 16869 
паровоз бен 170812 вагондарды қатардан шығарды немесе жойды, 4538 танк 
пен бронемашиналарды, 2500 түрлі калибрлі қару, 253 темір жол желілері 
мен стансаларын, 2900 ірі қоймалары мен материалдық-техникалық 
базаларын жарған . Сонымен қатар партизандық бөлімдердің ұлттық құрамы 
туралы да айтып өтеді, мәселен, Украина партизандық бірлестігінде 1536 
украин, 452 орыс, 263 белорус, 31 өзбек, 79 қазақ, 20 татар, тағы басқа ұлт 
өкілдері болғандығын көрсетеді. Ал екі рет «Кеңес Одағының Батыры» 


атағын алған С.А. Ковпактың партизандық бірлестігінде 70-тен астам қазақ 
болған. 
Н. Едігенов «Участие казахстанцев в партизанском движении в Белоруссии в 
годы Великой Отечественной войны» атты еңбегінде Белоруссияның 65 түрлі 
бригадалық бөлімдерінде бір жарым мыңдай қазақстандықтардың болғанын 
көрсетеді, олардың кейбірі партизандық қозғалысқа БКП(б) ОК, сондай-ақ 
Қазақ КП(б) ОК тапсырмасымен соғыстың алғашқы күнінен бастап қатысса, 
кейбірі еріктілер түрінде, жау тұтқынынан құтылып келіп қосылғандар 
болғанын да көрсетеді. Жау тұтқынынан, қоршауынан шығып
партизандарға қосылғандардың қатарында қостанайлық И.А. Ерошенко, 
К. Темірханов, А. Данияров, М. Павлов, Е. Балатенов, И. Булаевты және 
басқаларын атап өтеді . Сонымен қатар Белоруссияның түрлі 
аудандарындағы партизандық бөлімдердегі қазақстандықтарды да атап 
көрсетеді. Малорит ауданында Ленин атындағы бригадада қазақстандық 
жауынгерлерден А.С. Королев, Ж. Даутов, Х. Қайсагин, П. Волошин, А. 
Дедов, П. Горбачевті көрсетсе, Коссовский, Телеханск, Картуз-Березовский 
аудандарында соғыс қимылдарын жүргізген Дзержинский атындағы 
партизандық бригадада сегіз қазақстандықтың болғанын жазады. Олар 
В.Л. Верещагин, И. Новаченко, К. Ержанов, П.И. Осипова, Т. Дүйсенов, П. 
Синицкий, И. Пашин, И.В. Бартов болған, басым көпшілігі көрсеткен 
батылдығы, ерліктері үшін II дәрежелі «Отан соғысының партизаны», 
«Әскери қызметі үшін», «Батылдығы үшін» медальдарымен марапатталған
«Великая Отечественная война, 1941–1945. События. Люди. Документы: 
Краткий исторический справочник» атты көлемді еңбекте соғыс 
жылдарындағы Жоғары командованиенің құжаттары, жалпы соғыс тарихына 
қатысты мұрағат құжаттары жүйелі түрде келтіріліп, шайқастардың тарихы, 
кеңес елінің соғыс жылдарындағы дамуы баяндалған. Онда барлығы соғыс 
жылдарында жау тылында Ресей, Украина, Белоруссия, Литва, Латвия, 
Эстония мен Молдавия жерінде 6200 партизандық бөлімдер, астыртын 
жұмыс жүргізушілер топтар әрекет еткенін, оларда миллионнан астам 
партизандар қызмет еткенін жазады. Әлеуметтік құрылымына байланысты 
мәліметтер береді: 1944 жылдың басында партизандардың 30% — 
жұмысшылар, 41 — колхозшылар, 29% қызметкерлер болған. 
Партизандардың оныншы бөлігін дерлік әйелдер құраған .Партизандық 
құрамаларда Кеңес Одағының барлық ұлт өкілдері күресті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет