Кең мағынада кодтау дегеніміз хабарламаларды сигналдарға түрлендіру.
Тар мағынада кодтау дегеніміз дискретті хабарламаларды нақты символдар тіркесі түріндегі сигналдармен бейнелеу. Кодтауды жүзеге асыратын құрылғы кодер деп аталады.
Сигналдарды беру кезінде сигналдар бөгеуілдердің ықпалына ұшырайды. Бөгеуіл дегеніміз кез-келген кедергі жасатын сыртқы әсерлер немесе ауытқулар, сонымен қатар аппаратураның өзіндегі сигналдардың бұрмалануы (аппаратурадағы кедергілер).
Қайта кодтайтын құрылғы(декодер) алынған сигналды алушыға түсінікті болатындай етіп түрлендіреді.
Сигналдарды беру жабдықтарының жиынтығы байланыс каналы деп аталады.
Беруші құрылғы үзіліссіз хабарламаларды немесе таңбаларды байланыс линиясы бойынша ыңғайлы өтуі үшін сигналдарға түрлендіреді. Символдардың сигналға түрлену үдерісі модуляция, ал кері түрлендіру үдерісі демодуляция деп аталады. Оларды жүзеге асырушы құрылғылар: модулятор және демодулятор. Модулятор мен демодулятор модем деп аталады.
7 дәріс. Модуляция және демодуляция процедураларының қызметі мен мазмұны. Модуляцияның әрбір түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары. Модуляцияның цифрлық (дискретті) әдістері.
Ақпараттық сигналдар шектеулі диапазон шегінде кейбір шамалар мәндерінің сансыз мөлшерін көрсете алады.
Цифрлі (дискретті) сигналдар мәндердің біреуіне немесе түпкілікті жиынтығына ие бола алады.
Аналогты сигналдар бұрмалануға икемді, есесіне деректерді кодерлеу мен декодерлеу цифрлі сигналдар үшін қарапайым жүзеге асады.
Беруші құрылғы үзіліссіз хабарламаларды немесе таңбаларды байланыс линиясы бойынша ыңғайлы өтуі үшін сигналдарға түрлендіреді. Символдардың сигналға түрлену үдерісі модуляция, ал кері түрлендіру үдерісі демодуляция деп аталады. Оларды жүзеге асырушы құрылғылар: модулятор және демодулятор. Модулятор мен демодулятор модем деп аталады.
ЭЕМ келіп түсетін цифрлі деректер модулятор – демодулятор көмегімен аналогты формаға түрленеді.
Цифрлі деректерді аналогты формаға түрлендірудің үш тәсілі немесе модуляцияның үш әдісі мүмкін: