1.Каскадты үлгі алдыңғы этап аяқталғаннан кейін келесі этапқа тізбекті түрде көшу. Каскадты үлгі үшін жеке байланыспаған есепті автоматтандыру функциясы тән. Каскадты үлгіні көлемді, күрделі жобаларға қолдану мүмкін емес.
2. Итерация кезекті этап орындалғаннан кейін алдыңғы этапқа итерациялық қайту. Итерациялық үлгі жеке есептерді шешу кезінде алынған жобалау шешімдерінің тұйықталуын қарастырады.Төменнен жоғарыға жобалау кезінде алдыңғы талаптарды қарау мүмкіндігі азаяды, қиыншылықтар болады.
3. Спиральды. Ақпараттың жүйелердің прототипін сатылап кеңейтуді болжайтын прототипті үлгі. Спиральді үлгіде жоғарыдан төменге жобалау қолданылады. Алдымен функцияларды ішкі жүйелердің құрамы содан кейін жеке есептердің қойылуы анықталады. Яғни ақпараттарды жинау , беру, мәлімет қорын толықтыру сияқты жүйелік мәселелер қарастырылады. Содан кейін ғана нақты есепті шешу техникасы жүргізіледі.
6 дәріс. Энтропия және оның қасиеттері. Сигналдар мен бөгеуілдердің математикалық модельдері. Хабарламалар және сигналдар туралы жалпы мәліметтер. Сигнал түрлері. Ақпараттар теориясы– бұл ақпаратты алу, түрлендіру, жинау, өңдеу және беру жайлы ғылым.
Құрылымдық теория жеке ақпараттық хабарламаларды құру құрылымын қарастырады.
Статистикалық теория анықталмағандық өлшемі тұрғысынана ақпаратты бағалайды.
Семантикалық теория ақпараттыңмағыналық сипаттамаларын оқытады: бағалылығы, пайдалылығы, тиімділігі, ақпаратты өткізу қабілеттілігі, ақпараттық бөгеуілге тосқауыл беруі және құрамы.
Құрылымдық теорияда ақпараттың геометриялық, комбинаторлық және аддитивтік өлшемдері қарастырылады. Ең кең тарағаны- екілік аддитивтік өлшем, ол Хартли өлшемі (1928ж.) деп те аталады. Ақпараттың саны екілік өлшеммен - битпен өлшенеді.
I=-nlog2m,
мұндағы, I – ақпарат саны немесе көлемі
m – элементтер саны
n- элементтердің пайда болу саны
Геометриялық өлшем ақпарат көлемін бағалайды.
Комбинаторлық өлшем ақпаратты әр түрлі комбинациялармен өрнектегенде қолданылады.
Мысалы, 1110 саны берілген. 0 саны орын ауыстырғаннан кейін комбинация өзгерді: 0111. Яғни, 14 саны 7-ге ауысты.
Энтропия — тәуелсіз хабарламалардан тұратын ақпарат көзінің элементар хабарламасына сәйкес ақпарат саны.