1–дәріс. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйенің қасиеттері. Жүйелік талдау


Цифрлық ақпаратты сығу әдістері. Ақпараттың артықтығы



бет17/27
Дата06.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#72195
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Цифрлық ақпаратты сығу әдістері. Ақпараттың артықтығы
Қазақ тілінде кейбір әріптерді «жоғалту» жағдайында да оқуға болатын сөздер бар. Мысалы, ақп_р_ т, аға_ , қағ_ з.
Ана тілінде жай мәтін артық ақпараттан тұрады, оны алып тастағанмен, мәтіннің мағынасы өзгермейді.
Егер алғашқы ақпаратты декодтауға қарағанда, алынған кодта бит саны артық болса, онда ақпаратты кодтау артықтық болып табылады,
Ақпаратты сақтау және беру нақты ресурстар шығынын қажет етеді. Деректерді сығу (сақтау немесе байланыс каналы арқылы беру алдында) осы шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Ақпараттарды сығудың теориялық негізі 1940 жылдардың соңында қалана бастады. К.Шеннонның мақаласы жарияланды: «Коммуникацияның математикалық теориясы».
Ақпаратты сығу – деректерді берудің маңызды аспектісі, бұл деректерді жедел түрде беруге мүмкіндік береді. Сығу мақсаты – берілген ақпаратты сақтау және беру үшін қажетті бит санын азайту, бұл ақпаратты үнемді және тиісмді түрде жазуға мүмкіндік береді.
Сығу әдістерін екі үлкен топқа бөлуге болады: қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Қайтарылатын алгоритмдер кіріс деректерін ең ықшам кодталатын формаға келтіре отырып, тек кіріс деректерінің берілу тәсілін өзгертеді. Мұндай алгоритмдер үшін кері алгоритм бар, олар сығылған жиымнан алғашқы деректерді қалпына келтіре алады.
Қайтарылатын алгоритмдерді кез-келген типті деректерді сығу үшін қолдануға болады. Ақпаратты жоғалтпай сығылатын файлдар форматтары:
• GIF, TIF, PCX, PNG — графиктік деректер үшін;
• AVI — кезектесетін видео- және дыбыс деректері үшін;
• ZIP, ARJ, RAR, LZH, LH, CAB — деректердің кез-келген типі үшін
Егер сығу кезінде деректер жоғалмайтын болса, онда сығу әдісі қайтарылатын деп аталады
Қайтарылатын әдістердің негізгілері:

  1. қаттау әдісі;

  2. Хаффман алгоритмі;

  3. RLE алгоритмі;

  4. Лемпель—Зив алгоритмі.



8 дәріс. Сигнал мен арнаның ақпараттық сипаттамалары. Хабарлама көзі мен байланыс арнасының статистикалық қасиеттерін келістіру. Хабарлама кездейсоқ оқиға ретінде. Сигнал кездейсоқ үрдіс ретінде. Котельников базисы – санақ функцияларының базисы.
Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Электр сигналы дегеніміз — параметрлері берілетін хабар заңдылығымен өзгеретін электртогы немесе электркернеуі. Телекоммуникация саласында сигнал электр сигналы түрінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет