Жүйелік синтез. Бұл процесс мыналарды болжайды:
Орындалатын функциялардың құрылымын бейнелейтін ақпараттық жүйелердің функционалды архитектурасын тұрғызуды.
Ақпараттық жүйелердің архитектурасын, яғни жабдықтаушы ішкі жүйенің құрамын құруды.
Жобаны жүзеге асыру функциясын орындауды.
Функцияларды ішкі жүйелерден олардың байланысынан тұратын функцияналды архитектура ең жауапты болып табылады. Функцияналды архитектура негізінде тұрғызылатын жүйелік архитектураны тұрғызу ақпараттық технологиялық программалау және басқа жабдықтардың модульдерімен элементтерін бөліп ашуды болжайды.
Бөлініп алынған элементтерді басқаруды және ақпарат бойынша өзара байланысты анықтау.
Ендіру процесі келесі этаптардың орындалуын қадағалайды.
Тәжірибелік
Өндірістік
Тәжірибелік ендіру жоба модульдері мен элементтерінің қабілетін тексеру мен шектеледі. Сонымен қатар элементтер деңгейін, қателерді жоюдыда қарастырылады.
Өндірістік ендіру жүйелік талдау этаптарында қалыптасқан талаптарға сай жобаны тексерумен аяқталады.
Ақпараттық жүйелерді пайдаға асыру стадиясында орындалатын этаптар: Жүйе жобасын жүзеге асыру.
Ақпараттық жүйе жобасын модернизациялау
Ақпараттық жүйелердің негізгі ерекшелігі пайдалануда, яғни жүйелік талдау-> құру-> жүзеге асыру ->жүйелік талдау.
Өмірлік айналымның атақты үлгілердің ішінен келесі модельдерді бөліп көрсетуге болады.