1–дәріс. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйенің қасиеттері. Жүйелік талдау



бет11/27
Дата06.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#72195
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Жүйелік талдаудың үдерістерінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  1. Жаңа ақпараттық жүйелердегі талаптарды қалыптастыру немесе жеткіліксіз жерлерін ескеру.

  2. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың экономикалық мәнін анықтау және бағытын талдау.

Ақпараттық жүйелердің жүйелік талдауы талаптарға сәйкес қарастырылып отырған экономикалық объектінің жұмысын сипаттау мен талдаудан басталады. Осы этаптың нәтижесінде ақпараттық жүйелердің кемшіліктері шығады. Оның негізінде объектіні басқару жүйесін жетілдіру бойынша талаптар қалыптастырады.
Сонымен бірге басқарудың функцияларын автоматтандыру қажеттілігіне негізделген есептер қойылады. Бұл қажеттілікті анықтағаннан кейін программалық-техникалық жобаларды таңдау негізінде объектілерді жетілдіру бағытын таңтау мәселесі туындайды. Нәтижелер техникалық тапсырма түрінде рәсімделінеді. Осында ақпараттық жүйелерге талаптар және техникалық шарттар бейнеленеді.


Техникалық тапсырма (ТТ)

  • ақпараттық жүйелерді құруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу стандарттарына арналған құжат.

  • ТТ программалық өнімге қойылатын негізгі техникалық талаптардан тұрады

  • ТТ түп нұсқасын тапсырыс беруші жасайды.

ТТ мүмкіндік береді:
Екі жаққа да:

  • дайын өнімді көрсетуге

  • дайын өнімді тексеруге

  • қателер санын азайтуға (талаптарда өзгерістер болса)

Тапсырыс берушіге:

  • не қажет екенін түйсінуіне

  • ТТ айтылған барлық шарттарға өнімнің сәйкес келуін құрастырушыдан талап етуге

Орындаушыға (құрастырушыға):

  • есептің мәнін түсінуге, программалық өнімнің «программалық сұлбасын» тапсырыс берушіге көрсету

  • жобаның орындалу мерзімін жоспарлау, жоспар бойынша жұмыс істеу

  • ТТ берілмеген жұмыстардан бас тартуға



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет