Нормативті-құқықтық актілердің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
Жалпыға міндетті нақтылы белгіленбеген, типтеріне сəйкес келетін нақтылы қоғамдық қатынастар аясы, нормативті үлгідегі ұйғарым;
Қызмет бабына сай, қатаң түрде белгіленген құқықтық шығармашылық, органнан шығып, ондағы аманат етілген бірлікпен тұтастық талабын, барлық субъектілері мен органдарын қамтамасыз етіп, əлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды реттеудегі, тəртіп белгілерін талап етуші;
Қатаң процедура процесінде қабылданады;
Олардың талабын қамтамасыз етуге формальды белгіленген құжатты-жазылған белгілі нысанына сай, онда көрсетілген ұйғарымдардың мазмұнымен таныстырылады;
Олардың уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар арасындағы əрекетін нақтылы белгілейді;
Бір-бірімен нақты белгіленген көне қатынаста болады, негізіне заңды күші бар нормативтік акт қойылады, себебі ол құқықтық шығармашылық органдарының қызметімен қамтамасыз етілген;
Қоғамдық дамудағы өзгермелі қажеттілікке жеткілікті түрде, тез көңіл аударуға қабілетті, сондықтан басқа құқықтың қайнар көздерінен айырмашылығы сонда, ол əлеуметтік қажеттілікке байланысты, заң нормаларын оперативті түрде толтыра алады;
Нормативті-құқықтық актілердегі бекітілген нормативті ұйғарымдардың орындалуы, қолданылуы мемлекеттік мəжбүрлеумен қамтамасыз етіледі, оның механизмі өздерінің нормативті құқықтық актілерінде көрсетілуі мүмкін.
Қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тәртібі, көптеген нормалармен белгіленеді, оларды ғылымда нормативті жүйе деп атайды. Бұл жүйе әртүрлі өмір аясындағы адамдардың тәртібін ретке келтіретін нормалардың жиынтығы.
Нормативті реттеу жүйесінің өзі, аз дегенде екі жүйеден тұрады: а) техникалық жүйелер б) әлеуметтік нормалар жүйесі ;
Техникалық нормаларға кең көлемде, «адам - машина» , «адам мен еңбек құралдары», «адам және өндіріс», «адам- табиғат» (субъекті мен объект) қатынастарын реттейтін нормалар жатады.
Техникалық нормалардың негізгі айырмашылығы сонда, олар адамдар мен сыртқы дүниенің (табиғат пен техниканың) қатынастарын реттейді, олардың «Субъективтік құралы» тек адамдарға ғана қатысты емес.
Өзгешеліктеріне қарамастан, техникалық және әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтық басым көпшілігі дұрыс орындайды.
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.