1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары



бет20/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92
14.Балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары
«Балдырған» журналының шығуы бастауыш мектептің I—II класс оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шығармалардың көптеп басылуына игі әсерін тигізді. Журнал бетінен балалар әдебиеті тақырыбына жазатын жас авторлар көріне бастады. Егер бұл журналдың алғашқы номері он мың данамен ғана шыққан болса, қазір оның бірнеше жүз мың оқушысы бар. Бұл журнал ата-аналар мен балалар бақшаларын-дағы тәрбиешілерге де өте қажет құралға айналды. «Қазақтың бөбектер әдебиетін өркендетуде «Балдырған» журналынын атқарған айтулы еңбегін мақтанышпен атауға болады. Қазір 1—4 кластардағы «Ана тілі» кітабын ашсаңдар, «Балдырғанда» басылған талай-талай тамаша өлендер мен әңгімелердің окулыққа тұрақты кіргенін көресіндер. Мұндай бақыт кез келген шығармаға бұйыра бермейді»—деген академик жазушы Сәбит Мұқанов.
«Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін одан ары өкрендету, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оларға медицналық қызмет көрсетуді жақсарту шаралары туралы» деген КПСС Орталык Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінін, 1959 жылғы 21 майдағы қаулысынын балалар әдебиетін өркендете беруде ерекше маңызы болды. КПСС Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесінің бұл жылдар ішінде балалар әдебиетін өркендету жайында алған қаулы-қарарларында, балаларға дұрыс тәрбие берудің, оларға үнемі қамқорлық жасаудың, біздің елімізде Бүкілхалықтық іс болып саналатыны айтылған. Көп жанрлы кеңес балалар әдебиетінің тақырып молдығы, идеялық мазмұнының байлығы және конфликт проблемасын ашу ісі ерекше айтылған. Балалар әдебиетінде кеңес шындығын типтік образдар арқылы көрсету міндеттері қойылған. Міне, бұл -коммунизмнің болашақ қүрылысшыларын тәрбиелеуде жасалған нағыз әкелік қамқорлық.
Мектепте дене шынықтыру, физкультура оқуы да ерекше орын алады. Қазақ кеңес балалар әдебиетінде осы мәселенің айналасында: Қалмақан Әбдікадыровтың «Қажымұқан» (1955), Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» атты повестері т. б. бар.
Соңғы жылдары балалар әдебиетінде мемлекеттік ішкі тәртіпті сақтайтын милиция қызметкерлерінің ісі жайында жазылған оқиғалы шығармалар да көріне бастады. Бұл жөнінде алдымен Кемел Токаевтың “Таскын”, «Көш-кен үйдің қонысы қайда» (1959) деген екі повесі мен «Көмескі із» деген әңгімесін атауымызға болады.
Бұл кітап жастарды қандай қиыншылықтар болса да жеңуге ұмтылдырып, олардың жігер-кайратын шындауға, әрқашан кырағы, сақ болуға және оңай олжа табарлық жаман әрекеттерден, арзан қолды болудан аулақ жүруге үйретеді.
Бүркіт Ыскақов — қазақ балалар драматургиясын жасауға және оны дамытуға белсене ат салысып келе жатқан қаламгерлердің бірі. Оның мектеп сахнасына арналған «Екі оқушы», «Түймедейден түйедей», «Ағалық ақыл», «Жаңа жыл кешінде», «Бейбітшілік женеді» атты пьесалары мен инсценировкалары 1948-—1950 жылдары жазылып, «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» газеттерінің беттерінде жарық көрді. Бұл пьесалар қазақ балалар драматургиясынын, алғашқы қарлығаштарының бірі деуге болады. Ал 1959 жылы оның мектеп сахнасына арналған пьесалары «Кішкене театр» деген атпен өз алдына жеке кітап болып басылып шықты. Автордың бұл пьесаларының қайсысы болса да қызықты сюжет, тартымды окиғаларға құрылған. Оларда балалардың бойындағы зеректік, тәртіптілік, еңбек сүйгіштік, адалдық, адамгершілік, ұйымшылдық сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі, ал кейбір балалардын бойында кездесіп қалатын тентектік, өтірікшілік, жалқаулық дөрекілік, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтар әшкереленеді. Бүркіт пьесаларының тағы бір ерекшелігі — бұлардың қайсысының болса да оқиғалары мектеп оқушылары мен пионерлердің өз өмірінен алынған және олардың өз күштерімен өз сахналарына қоюына лайықталып жазылған.
Балалар әдебиетімен шұғылдану барлық жазушының қолынан келе бермейді. Бұл — әрі қиын, әрі жауапты міндет. Балалар әдебиетімен шұғылданған жазушының өмірлік тәжірибесі мол, балалар арасында көбірек қызмет еткен, балалардың психологиясын жақсы білетін, педагогика ғылымынан мәліметі бар ірі талант болуы тиіс
. 15. Ауыз әдебиеті шығармаларында кездесетін троп пен фигура түрлері.
Метафора(Алмастыру) Бір нәрсенің, құбылыстың орнына оған ұқсас екінші нәрсені, құбылысты қолдану. «Мен – тауда ойнаған қарт марал» «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар» Әйнегі – күн, шатыры – аспан Ашу деген – ағын су, ақыл деген – дария Жыр – нөсер Жастықтың оты, жүректің көзі, дүниенің есігі
Теңеу – екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Күндей күлімдеді; Садақтың оғындай; Жолбарыстай ақырған; Ор киіктей жүгірген.
Эпитет Заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында «алтын» сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан: түсті (алтын күз); құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ); атақ-дәрежені (алтын жаға); қазына-байлықты (алтын сандық); жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді. Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Жүйрік қиял, ақ қайың, ереуіл ат, қоңыр кеш, әсем әуен, т.б




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет