1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Балалар әдебиетіндегі проза жанрының дамуы



бет21/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

16. Балалар әдебиетіндегі проза жанрының дамуы.

Аталмыш дәуірдің (1960 – 2000жж.) бас шенінде прозаның жалпы өсу бағдарларын шамалағанда оның кіші жанрлары - әңгіме мен повесте сапалық жаңару басталғанын көреміз. Мұның түрлі себебі болуы мүмкін. Шығарманың тартысы мен композициясын, оқиғасы мен образдарын белгілі схемаға бейімдейтін жасанды дағды күрт кеміді. Өмірді шындап зерттеу қажеттігі күшейді. Мұндай жағдайда үлкен жанр – романның көлемін жанды байланыстармен, әрі қызықты, әрі ақиқат характерлермен толтыру оңай болмаса керек. Соның есесіне өмірдің жеке құбылыстарын жан-жақты шындығымен көрсететін мәнді әңгімелер мен повестер қатары көбейе түсті. Проза дамуының бір тенденциясы осы.Әңгіме, новелла, повестердің жедел жетіліп, әдебиетіміздің төрінен орын алуына бұрыннан белгілі суреткерлер де, орта, кейінгі буын қаламгерлері де ат салысты. Бұл ретте алдымен аға жазушымыз Ғабит Мүсірепов творчестволық белсенділік, кемел шеберлік көрсетіп келе жатты. Оның 1960-1970 жылдардағы ізденістері мен табыстары «Кездеспей кеткен бір бейне» атты жинағынан жақсы танылады. Автордың өзі поэма деп атаған «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасы бүкіл қазақ әдебиетінің тартымды табыстарының қатарына қосылды. Шығармада әрі ақын, әрі күрескер Еркебұланның тамаша тұлғасы жасалғандығын әдеби жұртшылық кезінде атап өтті. Әдебиетімізде көп те, көрнекті суреттелген революциялық күрес дәуірінің оқиғалары шығармада жаңа қырынан, тың тұсынан көрінгендей. Автор қаһарманның жан дүниесін, арман-мұратын, қуанышы мен өкінішін, шыншыл диалектикасымен бейнелеуге көп көңіл бөлген. Шығарманың орталық қаһарманы қазіргі әдебиеттегі ұнамды тұлға жасау тәжірибесін байыта түсетін, поэзияға, шындыққа толы биік бейне.


Қазақ әдебиеттануы нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу, қалыптасу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отыр. Әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық ғылыми мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді.Бұл мәселе тек ғылымдық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан айрықша қажеттілікке айналып отыр. Сондықтан әдебиеттің басқа жанрларының ішкі түрі, нақыштары тарамдала зерттеліп жатқан уақытта сол игі істі жүзеге асырып отырған сын жанрының өзі тасада қалып қоюы орынсыз болар еді. Оның да басқа жанрлар сияқты өзіне тән творчестволық, ғылыми проблемалары, тарихы бар.Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең – қазақ әдебиеті сынының туу дәуірі. Екінші кезең - қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Үшінші кезең - қазақ әдебиет сынының өсіп -өркендеу дәуірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет