1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Балалар әдебиетіндегі поэзия жанрының дамуы



бет22/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92
17.21 Балалар әдебиетіндегі поэзия жанрының дамуы.
Поэзия (гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады. Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзиясы ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, поэзиямен жалғас туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін поэзия мен прозаға бөліп қарауданыың мәні зор. Орыс әдебиеттанушысы В.Г. Белинский: “Поэзия — тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады” дей келе поэзияны тегі мен түріне қарай лирикалық, эпикалық, драмалық жанрларға жіктеді. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” атап көрсеткен дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі поэзия ұғымына сәйкес келеді. Зерттеуші еңбегінде толғаудың мазмұнына қойылатын ішкі және сыртқы шарттарды белгілейді:
а) шын көңілден шыққан сырлы;
ә) былғаныш пікірден таза;
б) терең күйден хабар беретін, терең із қалдыратын болуы керек.
Сыртқы шарттары:
а) көңіл күйінің бейне бір билеуі тәрізді, күй мен би үйлесімдігі;
ә) қысқа;
б) әуезді болуы тиіселосы
Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясы-тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан басталады. ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдары қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Оған «Жалын» - жастар, «Балауса» - балалар баспаларының ашылуы, «Жалын» баспасы жанынан Балалар мен жасөспірімдерге арналған жылма-жылдық жабық бәйгенің ықпалы зор болды. Ал, «Балдырған», «Ұлан» - ежелден балалар әдебиетінің көрігі болды. Соңғы жылдарда жалпы қазақ балалар әдебиеті еңсесі түсіп кетті. Ал, қазақ балалар әдебиеті сыны да оның дамуына ықпал етерлік халде емес. Сондықтан балалар әдебиеті сынының дамуы мен балалар әдебиетін зерттеуші Қ.Ергөбектің еңбегін қарастыру мақаламыздың өзекті мәселесі болмақ. Қазақ балалар әдебиетіндегі поэзия жанрында еңбек еткен қаламгерлер қатарында Ө.Тұрманжановтан өзге М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, М.Жаманбалинов, Қ.Баянбаев, Н.Әлімқұлов, Ж.Кәрібозин т.б ақындар шығармашылығына сыншы Қ.Ергөбек әр жылдарда сын пікір білдіріп отырды. Сондай-ақ, қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуына, өркен жайып жас талапты өзіне тартуына кезінде шығып тұрған «Балдырған» журналының ықпалы болғандығын әдебиет сыншылары түгел мойындайды. Әдебиет жанашырлары журналдың ашылуы үшін мақалалар арнап, қазақша балалар журналы қажеттігін күн тәртібіне қойған. Мысалы белгілі ғалым, сыншы Р.Бердібайдың 1957 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Суретті кітапшалар жайында» деген мақаласында осы мәселені бірінші болып, көптің назарына ұсынады: «Сол журнал «Балдырған» болып ашылып, бала қажетіне жарап қоюымен бірге қазақ балалар әдебиетіне көптеген кадр әкеліп қосты. «Балдырған» журналын оқымай өскен қазақ мектебінде оқып білім алған бала жоқ деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет