1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


-Балалар әдебиетіндегі поэзия жанрының дамуы



бет36/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

31-Балалар әдебиетіндегі поэзия жанрының дамуы.
Поэзия(гр. poіesіs, poіeo — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады.

Балалар поэзиясы – уақыт дамуына орайласа туындайтын түрлену, жаңғыру, жаңару сияқты алуан сипатты өзгерістерге бейім көркемдік-шығармашылық құбылыс. Оның ішкі мазмұны мен сыртқы бітіміндегі бүгінгі көркемдік белгілерінің пайда болу және қалыптасу жолдарын тарихи-шығармашылық себептерімен және түпкі нәтижелерімен бірлікте қарастыру орынды болғандықтан, балалар поэзиясының түрлік-мазмұндық тұрғыдан жаңғыру, жаңару әрекеттері және өзге мәдениеттермен шығармашылық сабақтасу, үлгі алмасу үдерістері нәтижесінде бүгінгі болмыс-бітімінде көрініс тапқан көркемдік сипаттар типологиялық тұрғыдан таразыланды.


Бүгінгі балалар поэзиясының көркемдік бастаулары халықтық поэзия және ағартушы-демократ ақындар шығармашылығында жатқаны анық. Бұл ретте халықтық әдебиет пен ағартушы-демократ ақындар поэзиясының балалар поэзиясына көркемдік тұрғысынан қандай бағыттарда нұсқа болғандығы және ол үлгілердің қаншалықты жаңғырып, түрленгендігі өзара салыстырулар арқылы бағамдалды.

Қазақ балалар әдебиетіндегі поэзия жанрында еңбек еткен қаламгерлер қатарында Ө.Тұрманжановтан өзге М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов, М.Жаманбалинов, Қ.Баянбаев, Н.Әлімқұлов, Ж.Кәрібозин т.б ақындар шығармашылығына сыншы Қ.Ергөбек әр жылдарда сын пікір білдіріп отырды. Сондай-ақ, қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуына, өркен жайып жас талапты өзіне тартуына кезінде шығып тұрған «Балдырған» журналының ықпалы болғандығын әдебиет сыншылары түгел мойындайды.


Балалар әдебиетінің көптеген өкілдері әдебиетке келу жолында өздеріне ақын Мұзафар Әлімбаев шапағаты тигенін мақтанышпен баяндайды». Мұзафар Әлімбаев тек балалар әдебиетінің авторы емес. Ол - балалар әдебиетінің күрделі мәселелерін көріп, жөн сілтеп отыратын теоретик, сыншы. Ол туралы да Қ.Ергөбек сындарлы пікір айтады. «Жетекші дарынның және бір қызық мінезі - жас талаптың тұсауын кесумен шектелмей, оның шығармашылық жолын ұдайы қадағалап, беталысын бақылап, сын мақала жазып, бағдар сілтеп отыратын жақсы қасиеті бар. Балалар әдебиеті көптеген проблемаларымен бірге Қ.Ыдырысов, М.Жаманбалинов, Қ.Мырзалиев, Ж.Смақов, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Баянбав, Е.Өтетілеуов, Е.Елубаев. С.Оспанов, т.б. іні қаламгер жөніндегі мақалалары осындай тәрбиелік мәнге ие» (Ahmetov, 1996: 109). Балалар әдебиеті - әдебиеттің жеке арнасы, ол жалпы әдеби процеспен терең байлыныста болды. Әдебиеттің бұл саласының тәрбиелік, танымдық, тағылымдық, қоғамдық мәндері айрықша, өйткені жас ұрпақтың өнегелі, тәрбиелі, білікті де білімді азамат, жеке тұлға болып қалыптасуы сияқты зор қоғамдық міндеттерді атқарысуға белсене араласады.


«Қазақ балалар поэзиясында ертегі – поэманың «Құмырскалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» секілді классикалық үлгісін жасаған ақын, марқұм Өтебай Тұрманжанов болса, одан кейінгі асыл нұсқа деп Мүбәрак ақынның «Күж жалмауыз бен Білек батыр» ертегісін айта аламыз. Оқиға күрделілігі, образ сомдығы, қосөрім сюжет, қилы-қилы тартысты «Күж жалмауыз бен Білек батыр» - қазақ балалар әдебиетіндегі сирек құбылысқа баларлық жауһар туынды». Жаманбалинов жазған поэмаларын - «Батыр ұстаз», «Ақын бала», «Жақсы ата» сыншы « балалар психологиясына негізделген реалистік поэмалар» деп бағалаған. Айтылған әрбір ойды дәлелдеп жатуды міндет деп есептемедік. Осы пікірлер негізінде талдаулар жасалса, ақын шығармашылығының көркемдік қырлары танылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет