1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы



бет48/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

44.Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы.
Барлық кеңес азаматтарымен бірге жазушыларымыз,Қалмақан Әбдіқадыров, Тайыр Жароков, Баубек Бұлқышев, Әбу Сәрсенбаев, Жұмағали Саин тағы басқа жолдастар майданға аттанды. Тіпті сол кезде тоқсаннан асқан қарт ақын Жамбылдың өзі де майданның алдыңғы қатарындамын деп есептеді. Оның «Ленинградтық өрендерім» өлеңі барлық Кеңес Армиясына үлкен рух беріп, неміс баскыншыларына қатты соққы болып тигені әлемге аян. Мұндағы «Интернационалдық негіздің мықтылығы, халықтар достығының мызғымас беріктігі, тұтастығы зор роль атқарды. Коммунистік партия тәрбиелеген бұл қасиеттер әдебиетте көркем суреттік болуын тауып көрінді.
Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары майдандағы ерлік күрестер мен тылдағы азаматтардың өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы қаһармандық еңбектері жайында болды.
Жамбылдың балаларға арналған өлеңдерінде алдымен жер жүзі пролетариатына қамқорлық жасап отырған Коммунистік партияның басшылық ролі бірінші қатарда жырланады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жазушылар барлық кеңес халқына, сонымен қатар жас өспірімдерге де рухани азық боларлық, олардың жігер-қайратын шындай түсетін жақсы шығармалар берді. Бұл жөнінде жас жауынгер Баубек Булқышевтің «Әмір мен өлім туралы» «Шығыс ұлына хат» (1943) әңгімелерін ерекше атаймыз. Баубектің осы әңгімелерінің бәрінен де тауы қайтпаған жалынды жастық шақтың Отанына беріле кызмет ету жайындағы патриоттық сезімдері, ерлік істері көрінеді. «¥р да жық ақымақ офицтер біздің жастығымызды, болашағымызды кұртқысы келеді. Біз, әрине бере алмаймыз оны! Өлерміз, бірақ бере алмаспыз! Бермейміз! Орыс та осыны айтады, қазақ та осыны айтады, ССРО-дағы барлық ұлттар осыны айтады»,— дейді Баубек Бұлқышев «Өмір мен өлім туралы» әцгімесінде олардың Отан қорғау күресіндегі көздеген негізгі нысаналы мақ-саттары да осы еді.
45.ХХ ғ. 60-90 жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына елеулі еңбек еткен Калмақан Әбдіқадыров {1903—1964), 1935 жылы «Амантай», «ТәттІ кауын» атты суретті кітапшалар шығарды. Соңынан жас өспірімдердің еліктеуіне тұрарлық, спорт мәселесіне байланысты.
«Қажмұқан» атты повесін ұсынды. Мұнда жер жүзілік чемпион атағын алған, біраз мемлекеттерді аралап жүріп күрестен, өле-өлгенше жауырыны жерге тимеген кеңес спортшыларының ірі шебері, алтын, күміс және қоласы бар барлығы 45 медальға ие болған Қажмұқан Мұңайтпасовтың палуандық — спорттық өмір жолымен таныстырады.
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі аға жазушы Сапарғали Бегалин өз өмірбаяны мен оқушыларын былай деп таныстырған еді.
«Мен 1895 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Дегелек аулында тудым. Есейе келе өз үйімнің аз ғана малын бағып, қолғанат болдым. Әрі ауылдағы молдадан оқып, ескіше хат таныдым. Содан сон керуенмен Семейге келдім, осы жерде менің нағыз еңбек қызметім басталды. Бір уақыт пристаньда жүкші болдым. 
Менің әдеби қызметім 1914 жылдан басталды. Қазақ жастарына алғашқы өлеңім осы кезде Троицкіде шығып тұратын «Айқап» журналында жарияланды. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойына творчестводан қол үздім. Тек 1925 жылы В. И. Лениннің қайтыс болуы әсерінен оның ескерткішіне арнап мен өлең жаздым, бұл «Қазақ ақындары мен жазушыларының үні» жинағына кірді. 1935 жылдан бастап әдеби қызметке шындап араластым.
Көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған менің алғашқы кітабым — «Қыран кегі» поэмам 1944 жылы шықты. Мұны окушылар жылы шыраймен қарсы алды. Бұдан кейін жас аңшы туралы «Сәтжан» атты повесім шықты, бұл тұғыш рет орыс тіліне аударылды, әрі РСФСР Оқу Министрлігінде конкурсте сыйлық алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет