6.Жаhандау мәселелері және Қазақстан
Жаһандану ұғымы жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық,мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген(1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһандану түрлері:“Менталдық” немесе мәдени жаһандану —дәстүрлердің, діндердің,мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам,иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.Аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі.Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудыңбарынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһанданунәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтыққұрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылад.Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану — қазіргізаманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы.Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістіктіақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуыжәне тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердіңкомпьютрлендірілуі жатады.Жаһандану нәтижесінде ұлттық экономикалардың жақындасуы байқалады, ол сыртқы сауда мен қаржы ағымы нәтижесінде жүреді.Сонымен қатар шекарадан жұмыс күшінің, білімнің, технологияның жаппай ағымы. Ол әлемді біріктіреді және өзара тәуелді етеді, мысалы: соңғы қаржы дағдарысы мен СПИД және жаһандық жылыну мәселелері осының көрінісі болып отыр. Технологиялардың тез дамуы біздің өміріміздің сапасын өзгерткені рас. Жеке сектордың бұрын соңды болмаған өркендеуі байқалуда, жеке капитал ағымы байқалуда. Осыған байланысты «дамушы мемлекеттерге қазіргі кезде батыстан келетін қаржыландыру көздері бес есеге ұлғайған. Кедей мемлекеттерде қарқынды урбанизация байқалуда, азаматтық қоғам қалыптасуда, демократия дамып, билік орталық биліктен жергілікті деңгейге өтуде. Осы үрдісті дұрыс пайдаланған мемлекеттер үлкен секіріс жасап отыр. Интеграциядан шет қалған мемлекеттер деградацияға ұшырап отыр. Олардың артта қалуы тереңдей түсіп, тең құқықсыздық жағдайы күшейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |