7.Қазіргі әлемдегі білім
Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар. Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі. Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі. Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі. Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады. Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу арнасы. Сондықтан казіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар кең таралуда. Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады
Достарыңызбен бөлісу: |