1.Әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың байланысы


Ауытқу және әлеуметтік бақылау



бет5/10
Дата16.05.2022
өлшемі24,26 Kb.
#34663
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әлеуметтану СЕССИЯ 1

5.Ауытқу және әлеуметтік бақылау.

Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio -ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерденауытқитын əлеуметтік іс-əрекет, осыережелерді бұзатын адамдар мен əлеуметтік топтардың қылықтары;қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Девиантты мінез-құлықтың жағымды жағы:Ұлттық батырлар,Дарынды адамдар,Атақты суретшілер,Атақты ғалымдар және т.б. Жағымсыз; Алкоголи,Нашақорлық,Суицид,Терроризм,Вандализм,Қылмыс жасау. Девиация 3 типтен тұрады:Девиантты мінез-құлық,Делинквентті мінез-құлық,криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, суицид т.б. жатады. Делинквентті мінез-құлық- латын сөзі «қателік жасаушы» - заңға қайшы әрекет жасау.Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оған мыналар кіреді: жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту,наша сату және тарату. Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Оған қылмыс және оның түрлері жатады. Ол сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.Әлеуметтік бақылау дегеніміз – жеке адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін құрал. Әлеуметтік бақылау қоғамдағы тәртіптің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Адамдар, егер әлеуметтік бақылау болмаса ойларына келгенін, өздеріне ұнаған қылықтарын жасар еді. Ондай жағдайда қақтығыстар, ұрыс-керіс, тәртіпсіздік болар еді. Әлеуметтік бақылау – қоғамдағы тұрақтылықтың негізі. Оның болмауы тәртіпсіздікке, бейберекетсіздікке, дағдарысқа әкеліп соқтырар еді. Сондықтан да, әлеусеттік бақылау мынадай қызмет атқарады:Тәртіп сақтау,Тұрақтылықты қамтамасыз ету.Әлеуметтік бақылау 2 элементтен тұрады Әлеуметтік нормалар,Санкциялар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет