1емтихандық билет



бет20/22
Дата22.05.2023
өлшемі116,53 Kb.
#96180
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
кесілмеген Т-41- психология ГОС

Сурдопсихология пәні – есту қабілетінің ауыр бұзылыстары бар адамның толық кереңдікке дейінгі психикасының қалыптасу ерекшеліктерін талдайтын арнайы психологияның бір саласы.
Сурдопсихологияның пәні есту қабілеті бұзылған балалардың туғаннан ересек жасқа дейінгі психикалық даму заңдылықтарын ашу, сонымен қатар естімейтін және нашар еститін ересектер психикасының мүмкін болатын ерекшеліктерін сипаттау болып табылады.
Сурдопсихологияның міндеттері:
1. Есту бұзылыстары бар адамдардың психикалық даму заңдылықтарын
анықтау;
2. Есту бұзылыстары бар адамдардың танымдық іс-әрекеттерінің кейбір
түрлерінің даму ерекшеліктерін зерттеу;
3. Есту бұзылысы бар жеке тұлғаның даму заңдылықтарын зерттеу;
4. Есту кемістіктері бар адамдардың психикалық дамуын анықтайтын
және психологиялық түзету әдістерді өңдеу;
5. Есту бұзылыстары бар балалар мен үлкендерге жасалатын
педагогикалық әсердің жолдары мен мүмкіндіктеріне психологиялық
мінездеме беру.
Елімізде сурдопсихология мәселелерінің жүйелі түрде дамуының басталуы 1930 жылдардан басталады. Л.С.Выготскийдің қалыптыдан ауытқыған балалардың психикалық дамуының құрылымы туралы теориясы құрылған ХХ ғасыр. Л.С.Выготский біріншілік ақау және оның тікелей салдары (екінші реттік ақаулар) ұғымын енгізді. Қарастырылып отырған балалардың санатына келетін болсақ, есту қабылдауының бұзылуы біріншілік кемістік болып табылады; қалыпты және ерекше дамумен салыстырғанда баяу - бұл қайталама ақау немесе қайталама салдар.
Классификацияның негізі болып келесі критерийлер табылады: естуден айырылу деңгейі, айырылу уақыты, сөйлеу дамуының деңгейі.
1. Кереңдер /мүлдем естімейтіндер/. Бұл категорияға сөйлеуді табиғи қабылдау және оны өзіндік меңгере алу мүмкіндігінен айырылған балалар жатады:
а) ерте керең болғандар - есту бұзылыстарымен туылған немесе сөйлеу дамуына дейін немесе одан ерте есту мүмкіндігінен айырылған балалар. Әдетте күшті дыбыстарды қабылдау есту мүмкіндіктері сақталады;
ә) кеш керең болғандар - есту мүмкіндігінен сөйлеу қалыптасып қалған соң айырылған балалар, оларда сөйлеу қабілеттілігі әртүрлі деңгейде сақталған. Бұл балалармен жүргізілетін жұмыстың басты міндеттері – қалыптасқан сөйлеу дағдыларын дамыту, тұрақтандыру, сөйлеудің жойылуынан сақтандыру және еріндерден оқуға үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет