46. Қазақстан аумағындағы этногенез кезеңдерін сипаттаңыз. Этногенетикалық процесстер даму барысында бірнеше этаптарға бөлінеді. Антропологиялық зерттеулерге қарағанда, ұзақ мерзімді этникалық даму барысында тұрғындардың европоидтық нәсілі тұрақты сақталса да, уақыт өте келе монғолоидтік нәсіл басым бола түскен. Тілдік тұрғыда да өзгерістер болып, осы территорияларда өмір сүрген ертедегі иран тілдес тайпалар түркі тілдес тайпаларға ауыса бастайды.
Европалық кескіндегі үндіирандық андронов тайпалары қола дәуірінде мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысқан. Олардың ерте темір дәуіріндегі мұрагерлері сақтар мен савроматтар .
Евразияның далалық аймақтарын бүтіндей алғанда және Қазақстандағы этникалық процесстердің шешуші кезеңі б.з.б. 1 мың жылдықтың ортасындағы түркілердің батысқа қарай жаппай қоныстануымен тікелей байланысты болды…Кең байтақ территорияда оңтүстік, оңтүстік-батыс бағытта солтүстік Монғолиядан Әмударияға дейінгі (Жетісуды қоса) аймақта түркі тайпалары біртіндеп қоныстана бастаған.
Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының ұрпақтары болып табылатын бұғы, бойырқу, беклі, қыбыр, түргеш, бұлақ, қарлұқ тайпалары Қазақстан жерінің негізгі тұрғындары саналады.
47. «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздерін сипаттаңыз Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері қазақ зиялыларының ұранына айналды. Сондай-ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады. Алаш зиялылары қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті. Алаш идеясының негізгі ұстанымдары: біріншіден, Алаш зиялылары «жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмесін. «Жерсіз Отан жоқ» деді. Екіншіден, елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек. Үшіншіден, Қазақстан Ресей империясының құрамына енуінен бастап қалыптасқан экономиканың шикізаттық сипатынан бас тартып, «қазақ елі толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиістігі» айтылды. Төртіншіден, қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, діл, дін үстемдігі болуы керек. Бесіншіден, ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық демократиялық мемлекет құру еді. Алтыншыдан, қазақ жеріне түрлі жағдайларда келген барлық ұлт өкілдері үшін ортақ Отаны Қазақстанда тұруға барлық кепілдіктер мен құқықтары сақталынады. Мемлекет ғылымға негізделіп дамыған елдердің жетістіктерін үлгі тұтуы қажет. Дін істері мемлекеттен бөлінген, зайырлы біртұтас демократиялық мемлекет құру қажеттігі айтылды. Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекет құру еді. Алаш идеясының негізгі тұжырымдамаларының өзекті тұстарын Қарқаралы петициясынан, «Алаш» партиясы бағдарламасынан және ұлттық-демократиялық қозғалыс ірі өкілдерінің еңбектерінен көре аламыз. Олардың ішінде Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси тұрғыдағы ой-пікірінің маңызы зор.