Байланысты: 1.«Индустрияландыру», «жа ырту» тарихи терминдеріне аны тама бе
44. Қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуын сипаттаңыз. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен байланысты еңбек құралдары болып табылады. XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Ең көп таралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» болды. XIX ғасырдың орта шеніне дейін аң аулау кезінде садақ қолданылды.
Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Бұл даладағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт-дәстүрді, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, өнердің алуан түрін орнықтырды. Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты
Киіз үйден бөлек, ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға да айрықша ден қойған. Соның ішінде қымызға арналған түрлері назар аудартады. Негізінен, бұл ыдыстарды қайыңнан, табылып жатса, оның безінен жасауға тырысатын. Өйткені, қайың мықты келеді.
Бұлардан бөлек қазақ халқының материалдық мәдениеті ұлттық киімімізді жатқызуға болады. Себебі ұлттық киімімізде қазақ ұлтының тарихы мен күллі мәдениеті жатқандай. Сондай – ақ, ол ұлттылығымыздың, өзіндік менталитетіміздің нышаны болып табылады.
45.Түрік қағанатының қалыптасу процесін сипаттаңыз. Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы – шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Қағанттың құрылу процесіне келер болсақ, 545 жылы түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым – қатынас орнайды. Бумын жужан қағаны Анағұйға тиісу жолдарын қарастыру негізінде оған қызын өзіне әйелдікке беруін сұрайды. Алайда Бумынның бұл ісіне Анағұй ашуланып, екі ел арасында қақтығыстар орын алады. 552 жылы Жужан қағандығы тас талқаны шығып, жеңіліске ұшырайды. Мұндай қорлыққа шыдамаған Анағұй өзін – өзі өлтіреді. Осы жеңістен кейін Бумын «елхан» атағын алады. Ол өлгеннен соң, орнына Қара Еске қаған болады. Оның бастауымен түріктер Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Алайда, ол ұрыста қаза тауып, билік Мұқанға көшеді. Осы кезден бастап, түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналады. Солтүстігінде Саян тауына дейінгі аралықты өзіне қаратса, шығысында Сары өзенге дейінгі аралықтағы тайпаларды (қидан, оғыз, татар, т.б.) бағындырады.