1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


Тәуелсіздік жылдары білім беру және мәдениет саласында жүргізілген реформалар туралы айтып беріңіз



бет20/37
Дата14.06.2023
өлшемі242,77 Kb.
#101225
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
60.Тәуелсіздік жылдары білім беру және мәдениет саласында жүргізілген реформалар туралы айтып беріңіз.
Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші.
Білім беруді басқару мен қаржыландырудың құ­қықтық-заңнамалық негізі, әлемдік білім кеңістігіне интеграцияланған қазақ­стандық білім беру жүйесі қалыптасты. Саланың 30 жылдық тарихына көз жіберер болсақ, оны бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Егер 1991-1994 ж.ж. – білім беру саласының заң­намалық және нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру кезеңі десек, 1995-1998 ж.ж. – білім беру жүйесін және оның мазмұнын жаңартуға күш салынды. Ал 1999 – 2004 ж.ж. – білім беруді басқару мен қаржыландыру, білім беру ұйымдарына академиялық еркіндік беру мәселелеріне көңіл бөлінді, 2005-2010 ж.ж. – білім беру жүйесі нарықтық экономикаға бейімделді. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – жаңа кезең, инновациялық дамуға бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың ұлттық моделі қалыптасты.
Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар өзгерістерге қол жеткіздік. Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді; жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді; үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді; кредиттік жүйе мен білім беру гранты бөлінді; жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарына кәсіби білім алу мен академиялық еркіндік беру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға мүмкіндік берілді.
Қазақстандық білім беру жүйесінің құрылымы ЮНЕСКО ұсынған Халық­аралық стандарттық білім беру бағ­дарламасының классификация өлшем­деріне сәйкес келтірілген. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының 8-ші бабына сәйкес, білім алу жүйесі жеті сатыдан тұрады:
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жоғары білім саласын халықаралық дәрежеге көтеру Қазақ­станның халықаралық аренада бәсе­кеге қабілетті мемлекет болуына тікелей ықпал етеді. Оны жүзеге асыру үшін 2012 жылдан бастап Қазақстанда көптілді білім беру жүйесі енгізілуде. 2012-2013 оқу жылында Қазақстанның 35 мектебінде көптілді оқыту жүйесін енгізді, сонымен қатар, 1 сыныптан бастап ағылшын тілін үйрету жобасы қолға алынды.Республика орта мектептерінде үш тілде сабақ берудің жаңа стандарттары сынақтан өткізілді.Қазақстанның Болон процесіне жедел кіруі нәтижесінде еліміз үш деңгейлі модельге енді: бакалавриат-магистратура- PhD докторантура.
Жалпы, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту арқылы, елімізде халық­­аралық озық тәжірибеге негіз­дел­ген білім беру бағдарламаларын ен­­гізуге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақыт­та білім беру жүйесі әлем бойынша жаһандану үрдісіне көшуде. Сондық­тан білім беру жүйесі әлеуметтік саясат­тың басты бағыттарының біріне айналу­да, қазіргі уақытта мемлекеттің эко­но­микалық жетістіктері білім беру жүйесімен, азаматтардың білімділігімен, ма­ман­дардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.
Министрліктің ұсынысына сәйкес 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жергілікті жерлердегі бөлімшелері мен материалдық-техникалық базаларының жоқтығына қарамастан, аталған министрлік Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында үш аймақтық бөлім құрды. 1992—1993 жылдары аса маңызды мәселелерге байланысты 7 ұлттық ғылыми орталықтар дүниеге келді. Олар:

  1. электроника мен байланыс жүйесі бойынша,

  2. ақпаратты және есепті техника бойынша,

  3. биотехнология,

  4. экология,

  5. жаратылыс ғылымдары бойынша,

  6.  минералдық шикізаттарды кешенді өңдеу,

  7.  жаңа ғарыштық технологиялар бойынша ұлттық ғылыми орталықтары.

Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ғылым саласын одан әрі жаңартудың 2007—2012 жылдарға арналған стратегиясы белгіленді.
Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді.
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
• азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
• мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың ұқығы бірдей;
• тарихи-мәдени мұраны қорғау;
• ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен
білім беру жүйесін дамыту;
• мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;
• мәдениетті қаржыландыруда бюджеттік, коммерциялық және қайырымдылық
бастамаларды қолдап-қуаттау;
• мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.
Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты.
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.
Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек. Мәдени мұра. Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болып өткені белгілі. Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.
61. «Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім таусылмайды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен дәлел келтіріңіз.
Тұжырыммен толықтай келісемін. Кәсіп адамға өте үлкен байлық әкелуі мүмкін. Кәсіпті дұрыс таңдап, оны жақсы көріп, өзінің кәсібімен айналысқан адамдар сол кәсіптен бақыт табады. Кәсіптің қоғамдағы сұранысқа ие түрімен айналысатын адамдар сол кәсібінің арқасында еңбегінің жемісін жеп отыр деп ойлаймын. Менің елімде ондай адамдар өте көп. Кез келген сұраныстағы кәсіпті алсақ, оның иелері жас кезінен, қиындықтан бастап, жас кезінде бейнетін көріп, жасы келгенде, яғни, жылдар өткенде соның зейнетін көріп отырғандар қаншама? Біздің мектепте балалары оқыған Бауыржан атты кәсіпкер ағайды мысалға алғым келеді. Жас кезінен өз кәсібіне берік ағай, қаншама қиыншылық болса да, тастамай сол кәсібінен қазір байып еліміздің миллонерлерінің қатарында тұр. Ағай кәсіпті үйренгенде көп оқыды, білім алды, ол білімі таусылмай, жыл өткен сайын шыңдала түсті.
"Бай болғың келсе– кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылып қалады, ал шеберлік жоқ". Мен айтар едім, шынайы байлық біліммен, шеберлікпен, адал еңбекпен алынады. Әрине, мен бұл тұжырыммен келісемін.
1-дәйек: Мен ұлы ақын Абайды келтірер едім. Абай жалпы адамзаттық ақиқатты әлемді ұлттық қабылдау ерекшелігі мен қазақ халқының құндылықтар жүйесі арқылы ашады. Еңбек санатынан кейін талап (мақсаттылық) келеді. "Адамдар арасында ұмтылысы жоқ адам ол - бейшара ". Бірақ маңызды бұл ұмтылысы неге бағытталатынын анықтау керек –байып, жетіле түсуіне не даңқын асыруға немесе білімге, ғылым, ізгілік, әділдікке ме?
2-дәйек: Абай ұғымындағы білім еңбек категориясымен байланысты. Ол еңбекке деген әдеттегі көзқарасты ауыр міндет, қажеттілік ретінде қайта қарастырады және еңбек біртұтас тұлға мен халықтың адамгершілік сана – сезімін қалыптастырудың негізі деп тұжырымдайды.
1-дәлел: Абай байлықты жоққа шығармайды және кедейлікті дәріптемейді, өйткені ол өзі де бай және асыл отбасынан шыққан.
2-дәлел: Мәселе мынада: адам жақсы мақсаттарды жүзеге асыру үшін байлыққа ие бола ма – туыстарына, халқына көмектесу үшін – немесе, керісінше, байлық адамға ие бола ма, оны құлға айналдырады, адамгершілік қасиеттерінен айырады. Абай байлықты ит сияқты игерген адам, оны ит сияқты жұмсайды деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет