1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


«Патриотизм – туған жерге, мәдениет пен дәстүрге деген ерекше көзқарас». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз



бет28/37
Дата14.06.2023
өлшемі242,77 Kb.
#101225
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
69. «Патриотизмтуған жерге, мәдениет пен дәстүрге деген ерекше көзқарас». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.
Патриотизм – Отанға, туған жерге, өзінің мəдени ортасына деген сүйіспеншілік. «Патриотизм – дегеніміз (гр. рatriotеs — отандас, patrio — отан, туған жер) Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің əдет-ғұрпы мен дəстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды», — деп атап көрсетеді . «Патриотизм» ұғымының мазмұнын түсіндіруде саяси сөздіктерде əр түрлі өлшемдер қабылданған. Патриотизмнің əлеуметтік, тарихи, саяси құбылыс болғандығында жатыр жəне заманына орай əр түрлі əлеуметтік мəнге ие болуына байланыстылығында. Кеңестік патриотизм Отанына, халқына сүйіспеншілікпен қатар интернационализмді, Кеңес Одағы халықтары мен бүкіл дүние жүзі ұлттарына деген достықты қамтыған. Тоталитарлық режим құлап, саяси құндылықтар өзгерген тұста «патриотизм» ұғымын жаңаша ұғындыру саясаттану ғылымының басты мəселесіне айналып отыр. Мұндай үрдісті қазақстандық сөздіктерден де байқауымызға болады. Онда патриотизмге адамгершілік, саяси принцип, əлеуметтік сезім, Отанның өткені мен бүгінгісін мақтан тұту, өзіндік жəне топтық мүддені елдің ортақ мүддесіне бағындыру, Отанға қызмет ету жəне оны қорғау өлшем бірліктерінің негізінде анықтама берілген. Алайда патриотизм өлшемдері бұнымен ғана шектелмейтіні белгілі.
Отан деген — сүйіспеншілік, өзінің бар болмысынды елімнің мүддесіне арнап, бойындағы қабілет пен күш-қуатты, білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау патриотизмның басты ерекшелігі ретінде сипатталады. Бұл қасиет қоғамдық ой-сана қозғалысының ерекше бір бөлігі іспеттес болғандықтан, ол қоғамдық ортаның даму үрдісіне сай əр түрлі мазмұнда көрініс береді. Сондықтан патриотизмнің тарихи кезеңдеріне назар аударып, табиғи тамырларына тереңірек үңілуіміз керек. Патриотизм табиғатының тіні саналатын патриоттық сана ерекшелігін, оның қалыптасу үрдісіне назар аудара отырып, бұдан «патриотизм» ұғымының тарихи эволюциясы қандай үрдістерден өткенін көреміз.
Өзіндік салт-санасы қалыптасқан əр тайпаның осы үрдістегі əлеуметтік құндылықтары олардың қолөнерлік, көркем өнерлік дəстүрінен көрініс тауып отырған. Патриоттылық ұғымының бастауы болған алғашқы қауымдық құрылыстағы, патриоттық сана болмысын үш негізге бөліп қарастырамыз, олар: тайпалық дəстүрдегі патриоттық, сананың экономикалық негізі, əлеуметтік негізі жəне рухани негізі. Экономикалық негізге — жерге жəне өндіріс құралына деген жалпы тайпалық меншік алынса, əлеуметтік негіз жекелеген тайпа көсемдерінің бедел-билігі мен адамдар арасындағы қауымдастық қатынастар ерекшелігімен сипатталады. Ал рухани негіз бастауына тайпалық мифологиядан басқа адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілігі, аруақтарды ардақтау, тайпа көсемдеріне шексіз берілгендігі, қауымдастықты өзгелерден қорғау, түйінді мəселелерді əділ шешуге күш салу секілді ерекшеліктерін жатқызамыз.
Тайпалық дəстүрдегі патриоттық сана сипаты ұжымдық пікірлердің ұқсастығынан көрініс тауып жəне ол интегративті, нəтижелі қызметін атқарғандықтан, қоғамдық прогрестің өрістеуіне себеп болды. Яғни алғашқы қауым өкілдері бұл кезеңнің өзінде-ақ, тайпалары, жері үшін жанын пида етуге даяр болған. Өз тайпаларына деген мақтаныш сезімін бойларына ұялатқан тайпаластар арасында жауынгерлік рух басым болған. Олар соғысқа əзірлік алдында би-билеп, тайпа көсемдерінің алдында ерік-жігер дəлелдегі күштілігін көрсетуге тырысты.
Қоғамның дамуына, техникалық прогрестің өріс алуына, капиталистік қатынастардың орнығуына, өндірістік күштер мен өндірістік қатынас ара салмағының өзгеруіне байланысты қоғамның болмысына сай патриоттық сана да жаңа деңгейге көтеріліп, жаңа мазмұнға ие болды. Бұдан бай қоғамымыз, кез келген мемлекеттегі үстемдік етуші саясат пен идеология патриотизмнің мазмұнынан, санасынан көрініс тауып отырды. Адамзатты өркениетке жетелейтін, ізгілікке үндейтін, елжандылыққа баурайтын патриоттық сана қашанда жоғары бағаланып отырған. Сонымен қоса патриотизмді, билікті барынша нығайтудың құралы ретінде шебер пайдалана білген тоталитарлық жүйелердің мысалын тарихтан көптеп кездестіруге болады.
Ал қазақ халқының патриотизмі, қазақстандық патриотизм мəселесіне келетін болсақ, ата- бабаларымыздың аманат еткен жерін қорғау, туған жерді сүю халықтық болмыстан бойға дарыған, ой-сананы жетілдіретін құбылысқа айналып отыр. Елжандылық, отансүйгіштік қасиетті сақтай білу жəне ел, халық, мемлекет мүддесі үшін қызмет етіп, оның дамуына үлес қосу — əрбір иісі қазақтың, Қазақстан азаматтарының басты парызы.
70. «Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан». Сіз «Мәңгілік Ел» Патриоттық акт тұжырымдамасымен келісесіз бе? Өз жауабыңызға дәйектер мен дәлелдер келтіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет