1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»


XX ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдеріне шолу жасап, негізгі факторларды талдаңыз



бет27/37
Дата14.06.2023
өлшемі242,77 Kb.
#101225
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
68. XX ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының даму кезеңдеріне шолу жасап, негізгі факторларды талдаңыз.
1. ХХ ғасырдың басында Қазақстан Ресей экономикасы үшін шикізат базасы мен өнімін өткізу нарығы және отаршылдық саясат жүргізу аймағына айналды.
Ол кезеңде Қазақстан Ресей империясының негізгі малшаруашылық аймағының бірі болды.
2.. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесіне тартылып, түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қазақстанның пайдалы қазбаларының бай кен орындарына отаршыл патшалық биліктің ие болуы өлке экономикасының шикізаттық бағытта дамуын белгіледі. Қазақстан өлкесі Ресей өнеркәсібінің шикізат базасына айналды. Қазақстан аумағынан табиғи байлықтарды көптеп тасып әкету үшін барлық жағдай жасалды.
Ауылшаруашылық шикізатын өңдейтін шағын кәсіпорындар бой көтерді. Қазақстанда тері өңдейтін, сабын қайнататын, май қорытатын, спирт-арақ, сыра ашытатын, жүн түтетін зауыттар жұмыс істеді.
Қазақстанда химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны – Шымкент дермене (сантонин) зауыты болды. Мақта тазалайтын зауыттар Шымкент және Түркістан қалаларында орналасты. Верный қаласында темекі фабрикасы жұмыс істеді.
3. 1917-1920 жж. Қазақ даласының дәстүрлі малшаруашылығы социалистік құрылысқа көше бастады. Ресей империясының құрамындағы Қазақстан ендігі өмірін Кеңес өкіметінің құрамында жалғастыратын болды. Экономикалық жүйенің басты қағидасы – жоспарлы экономика болып бекітілді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан Қазақстан экономикасының біржақты шикізаттық бағыттылығы кеңес заманында да жалғасын тауып, тәуелсіз еліміздің дамуында салдары сезілді.
1919 жылы Кеңес өкіметі әскери коммунизм саясатын қабылдады. Оның негізгі мақсаты «азық-түлік салғыртын» енгізу еді.
1921 жылы большевиктер партиясының Х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Кеңес үкіметі экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады.
Жәрмеңке саудасы қайта жанданды. Ойыл, Темір, Қоянды сияқты 130-ға жуық жәрмеңке саудасының айналымы 20 млн-нан астам сомды құрады.
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикалық қатынасқа біртіндеп өту 20-жылдардың ортасында үдемелі даму бағытын айқындады. 1925 жылға қарай халықшаруашылығы қайта қалпына келтірілді. 1925 жылы большевиктер партиясының XIV съезінде елде индустрияландыруды бастау шешімі қабылданды. Съезде, ең алдымен, ауыр өнеркәсіпті дамыту, КСРО-ны машина жасайтын және оны сыртқа шығаратын елге айналдыру міндеттері белгіленді. Өнеркәсіп экономиканың жетекші саласына айналды. Қазақстан қорғасын өндіруден бірінші орын, түсті металдар өндіруден екінші орын, көмір және мұнай өндіруден үшінші орынды иеленді. Жаңа өнеркәсіп орындары іске қосылды: Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Мерке, Жамбыл қант зауыттары, Алматы еткомбинаты т.б. Олар тек жергілікті аймақтарды ғана өз өнімімен қамтамасыз етті. Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш комбинаттары салынды.
Қазақстаннан тек арзан шикізатты өндірістік аймақтарға тасымалдап, ол жақтан қымбат дайын өнімді елімізге қайта алып келуін көздеген орталықтың саясатына ұлт зиялылары С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев және т.б. қарсы шықты. Индустрияландыру барысындағы ең ірі жоба – Түркістан–Сібір теміржол торабын салу болды. Теміржол 1927–1930 жылдары салынып, Сібір, Орта Азия және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын байланыстырды.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында елімізде 700-ге жуық кәсіпорын салынып, пайдалануға берілді. Аграрлық республика енді аграрлы-индустриялды елге айналды. Қазақстан түсті металлургия, көмір, мұнай, отын-энергетикалық ресурсы, химия өнімдерінің бай қоры ретінде КСРО-ның ірі өнеркәсіп орталығына айналды.
4. Индустрияландыруға қажетті қыруар қаражат ауылшаруашылығы есебінен алынды. Большевиктердің келесі бағдарламасы – ауылшаруашылығын ұжымдастыру болды. Бұл экономикалық жобаны іске асыру нәтижесінде малшаруашылығы дағдарысқа ұшырап, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі жүйе қиратылды. 1928 жылы әкімшіл-әміршіл үкімет ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы Декрет қабылдады. БК(б)П ХV съезі (1927) ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялады. Мыңдаған жылдар бойы көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығымен айналысқан қазақтар бір күннің ішінде отырықшы шаруаға айналуға тиіс болды.
5. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық дамуына келсек, Ұлы Отан соғысы жылдары еліміздің экономикасы соғыс жағдайына көшіріліп, майданды қару-жарақ, мал және мал өнімдері, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Қазақстан аумағына елдің батыс бөлігінен 220 зауыт пен фабрика көшірілді. Шикізаттық қорлар республикадан орталыққа үздіксіз жеткізіліп тұрды. Экономика түгелдей әскери тәртіпке бағынатын болды. Ұлы Отан соғысы кезінде жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыстан кейінгі жылдары елдің экономикалық дамуында бірқатар ұранды реформалар жүргізуге әрекеттер болды. 1946–1950 жылдардағы төртінші бесжылдық жоспары бойынша халықшаруашылығын қайта қалпына келтіру мен бейбіт өнімдерді шығаруға көшіру міндеттері белгіленді. 1947 жылы карточкалық жүйе жойылып, ақша реформасы енгізілді. Республикада халықшаруашылығының дамуы қыруар қаражат пен шикізат көзінің тартылуы арқылы жүзеге асырылды. Шешуді аса қажет ететін алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі жұмыс күшінің жетіспеушілігі болды. 1953–1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымығы» деп аталады. Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн гектар жер жыртылды, оның 9 млн-ы эрозияға ұшырап, жарамсыз болып қалды. 1965–1985 «тоқырау жылдары» экономиканың интенсивті дамуына жол ашу үшін жаңа шаруашылық реформалары жүргізіле бастады. 1965 жылы жаңа экономикалық реформа бойынша аймақтық халықшаруашылық кеңестер таратылып, өнеркәсіптер салалық одақтық-республикалық министрліктер арқылы басқаруға көшірілді.
Жаңа жүйеге сәйкес шаруашылық есеп кәсіпорындарға дербестік берді. Өндіріс орындары шаруашылық есеп жүргізуде шығынды үнемдеу арқылы материалдық ынталандыру және марапаттау сияқты шараларға қол жеткізетін болды. Республика шаруашылық салаларының шикізаттық сипаты одан әрі тереңдеді. 70-жылдардың ортасына қарай кеңестік экономика жүйесінде дағдарыс белгілері айқын көрінді. Кеңес Одағы коммунистік партиясының экстенсивті және әкімшіл-әміршіл экономикасы даму тетіктерінен толық айырылып, түбегейлі өзгерістер қажеттілігіне жеткізді. Осы тұрғыда 1985 жылдан экономиканың бірқатар салаларын қамтыған «қайта құру» реформасы басталды. Кәсіпорындарға дербестік беріліп, шаруашылық есеп жүйесі енгізілді, кооперативтер ашылды. Кеңес билігі кезеңіндегі жоспарлы шаруашылық жүйесі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел экономикасының дамуына кедергі келтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет