1.«Индустрияландыру», «жаңғырту» тарихи терминдеріне анықтама беріңіз. «Индустрияландыру»



бет29/37
Дата14.06.2023
өлшемі242,77 Kb.
#101225
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
1.«Индустрияландыру», «жа ырту» тарихи терминдеріне аны тама бе

1. Ұлттық идеяның маңызы.  Отандық және халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, өзінің тарихи даму жолының әрбір кезеңінде елді біріктіруде ұлттық идея маңызды рөл атқарады. Мысалы, ХХ ғасырдың басында «Алаш» идеясы өзекті еді.
2. Ұлттық идеяны талқылауда елдің белгілі азаматтарына да өз пікірін білдіруге мүмкіндік берілді. 2014 жылы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жаңа нұсқасы ұсынылды. Елбасы оны ұлттық идея деп атай отырып, барша қазақстандықтарды «Қазақстан–2050» Стратегиясын жүзеге асыру жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды. «Мәңгілік Ел» халық арасында түсіністік пен қолдау тапты.
3. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2014 жылы «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жаңа біріктіруші «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің «Мәңгілік Ел», лайықты әрі ұлы Қазақстан!
«Мәңгілік Ел» – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды».
Шындығында, біздің ежелгі жерімізде қазақ халқының көп ғасырлық мемлекеттігінің тарихи тәжірибесі қалыптасқаны анық. Тәуелсіздігін алған Қазақстан ұлттық мемлекеттілігін нығайту жолына шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан «Мәңгілік Ел» деген идеяны ұсындым. «Мәңгілік Ел» болу үшін бәрін жасап жатырмыз. Қазақстанның ең үлкен патриоты да, елді алға сүйрейтін де солар болады деп сенемін», – деді. Бұл идеяның бастауы тым тереңде жатыр. Орта ғасырда Моңғолияның Өтікен жерінде арғы бабаларымыз – түркілердің тарихы тасқа мәңгілікке қашалып, жазылып қалған. Тарихи «Мәңгілік Ел» ұғымы Қазақстанның тәуелсіздік рухымен үндес келеді. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, ұрпаққа қалдыруымыз керек.
Ұлттық құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік. Бұл идея – қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты, тәуелсіздік жылдарында уақыт сынынан өткен Қазақстандық тарихи даму тәжірибесі.
 4. Ұлттық идея қабылдаудың тарихи маңызы. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қабылдаудың тарихи маңызы зор. Елбасы барлық азаматтарға түрлі этникалық және дін өкілдеріне бірегей ұлттық идеяны ұсынды. Ол қоғам алдында тұрған стратегиялық міндеттерді орындау әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін халықты біріктірудің маңызды құралы мен қуатты тетігі ретінде қабылданды.
 Мыңдаған жылдардан астам уақыт бойы Қазақ мемлекеттілігі сақ, ғұн, түркі, қыпшақ-қазақ негізінде қалыптасқанын білеміз. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі мемлекеттік құрылымдар әркелкі аталып келді. Жергілікті тұрғындардың тілі, антропологиялық келбеті, ділі, діни сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, шаруашылық-мәдени жүйесі өзіндік дәстүрлі ерекшеліктерін сақтап қалды.
Қазіргі таңда бүкіл Батыс Еуропа немесе бес Францияны қамтитындай орасан зор аумақты қорғап қалу тек рухы мықты, жауынгерлік қасиетке ие тұрғындар, берік идеологиясы бар қуатты мемлекеттің ғана қолынан келеді. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізіндегі маңызды жалпыұлттық 7 құндылық:
Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет