«Туған жерге туыды тік !» Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді қалыптастыру.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар, және кездесуге қатысушы қонақтар!
2-жүргізуші: Бүгінгі сіздермен бас қосуымыздың себебі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында өткізілетін кездесудің ұйымдастырылуында.
1-жүргізуші: Тәуелсіздік. Осынау қастерлі ұғымның астарында қаншама мағына жатыр. Өз алдына дербес ел болған мемлекетіміздің қалыптасу, өсіп-өну жолында ел азаматтары қыруар тірлік тындырып жатыр. Олардың арасында қадау-қадау мемлекетшіл, елжанды азаматтардың болуы еліміз келешегі кемел, өзіндік бағыт-бағдары бар, бейбітшіл, іргелі ел ретінде әлемге танылды. Сөз жоқ, мұның бәрі қазақ елінің бақыты десе болғандай.