Әдебиеттер:
Ш.А.Амонашвили Личностно-гуманная основа педагогического процеса. Минск, 1990
В.П.Беспалько Слагаемые педагогической технологии. М., 1989
Т.А.Ильина Педагогическая технология // Буржуазная педагогика на современном этапе. Под ред. В.А. Мальковой, Б.Л.Вульдсона. М.: 1984
Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология теория и практика. Усть-Каменогорск, 1997
13 лекция :Тұлға психологиясы.Спортшының тұлғасы.Спорттық іс-әрекеттің тұлғалық қасиеттің қалыптасуына әсері.
Тұлғаның жалпы және арнайы құрылымы.
Мотивация және қабілеттілік-спорттық бағыттылықтың басты компоненті
Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болу қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болу басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігі қоғамның өзі бір тұтас ұжым ретінде өмір сүретіндегімен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс -әрекетер түрлеріне қарап ажыратылады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өңдіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгіресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемөнерпаздар, каллекционерлер) және т.б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-эканомикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа денгейін қайтымсыз процесске айналдыру, халық шаруашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принціптерінің негізінде құру.Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмірмен өңдіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасанпаздығын, күш-қуат мәдениетің, ойын ұйымдастырудың ең тиемді құралы. Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту орғандарының озат өкілдері А.В Луначарский, Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий,В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді. А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдай ұжым болады деді. Оның айтуынша адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл , қоғамдық мүдені жеке басының мүдесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.
Сабақты мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушылардың ұжымдық шығармашылық еңбегі деп қарастыру керек. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақматтары, міндеттері, жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісі кеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Сабақтың шын мақсаты – тұлғаны оның қабілеті мен дарындылығына сүйеніп дамыту. Әрбір сабақ логикалық, психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Логикалық бірлік – бұл сабақ бөліктерінің, құрылым элементтерінің аралығындағы ішкі өзара байланыс заңдылығы.
Психологиялық бірлік оқушылардың танымдық іс-әрекетіндегі белсенділігі, жинақтылығы.
Ұйымдастыру бірлігі – бұл сабақта алдын-ала жабдықтарды және оларды рет-ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру.
Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әртүрлі формаларына ұжымдық, топтық, жұп және дербес формалары жатады.
Барлық мұғалімдердің барынша күшті, қабілеті барлығын жұмысқа тарта және қызықтыра білетін педагогикалық құралы – балалар ұжымы. Оқытудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш) жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өткізіледі. Бұл жерде оқушылар бір-бірінен әншейін жұптасып қана қоймайды, әрбір бала кезек бойынша әр баламен кездесіп жұмыс істейді. Бұл жөнінде жаңашыл мұғалім В.Ф.Шаталовтың тізбек және десант әдістерін тиімді қолдануға болады.
Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта қолданылады, бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топта 4-5 оқушы болады. Оқушылар белгілі бір тапсырмаларды орындайды. Әрбір топтың жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланылады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке жетістіктерді бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын жинақтайты.
Оқытуды ұйымдастырудың дербес формасы бойынша әрбір оқушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Оқытудың дербес формасын ұйымдастырудың өте құнды түрі бағдарламалап және компьютерлі оқыту.
Сонымен, оқыту формаларын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты. Оқыту процесіндегі ең басты тұлға – бала. Егер мұғалім әрбір балаға сабақта дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, зер салса, онда әрбір оқушы өзін мұғаліммен теңмін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен қабылдайды.
Мектепте сабақтан басқа оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саяхаты, семинар сабақтары, практикумдар, факультативтер, консультациялар, үй оқу жұмысы т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |