10лекция : Спорттық іс-әрекеттің жалпы психолоиялық заңдылықтары.
Спорттық іс-әрекет пен спорттағы психологиялық рекация туралы түсінік.
Жаттығулар мен жарыстардың психологиялық екершеліктері
Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos – үйретуші, didaskalos – мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
XVIIғ. швейцар Иоганн Генрих Песталоцци(1746-1827), XIXғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Аоольф Дистервектер(1790-1966) оқыту дидактикасының негізін жасады. К.Д.Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий үлкен үлес қосты.
Педагогика ғылымының «Дидактика» саласына белгілі қазақ педагог-ғалымдары ағарту ісінің қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек АймауытовШарапи Әлжанов өз уақыттарында еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың білім беру функциясы – бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.
Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.ФГербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пираговтың және К.ДУшинскийдің еңбектерінде мазмұндалған. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |