1.ҚР-дағы білім беруді ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізінде белгілі бір кезеңге жас ерекшелігіне сәйкес сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын құрастыру



бет1/5
Дата20.02.2023
өлшемі122,04 Kb.
#69626
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñû Á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы университеті


СРО
Тақырыбы: 1.ҚР-дағы білім беруді ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізінде белгілі бір кезеңге жас ерекшелігіне сәйкес сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын құрастыру;
2. «Дарынды балалармен» тәрбие жұмысының технологиялық карта үлгісін құрастыру;
Орындаған:Жанатова А.Т.
Оқу тобы:Кя-601
Тексерген: Серикова Н.У.
Семей
2018 жыл.
1.ҚР-дағы білім беруді ұйымдастырудың кешенді бағдарламасы негізінде белгілі бір кезеңге жас ерекшелігіне сәйкес сыныптағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын құрастыру;
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».
Әбу Насыр әл – Фараби
Тәрбие жұмысының мақсаты:
Оқушылардың бойына халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру, жан – жақты дамыту.

Тәрбие жұмысының міндеттері: 
1.оқушылардың ақыл – ой және дене қабілеттерінің үйлесімді қалыптасуы мен рухани дамуына ықпал ету; 
2.жалпы адамзаттық құндылықты бейнелейтін әдеп, саяси – құқық бағдарламаларды жүзге асыруға ықпал ету; 
3.қазіргі ғылыми біліммен байытуға, дүниежүзілік өркениет құндылықтармен  қаруландыруға үнемі ниеттендіруді қалыптастыру; 
4.негізгі табиғат қорғау дағдыларын, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу қабілетін қалыптастыру; 
5.білім негізінде өзінің денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру және денсаулық- қа зиянды заттарды қолданудан бас тартуға үйрету; 
6.жақсы сезім, мінез – құлық, тәртіп жауапкершілік, ар – ұят, борыш, парыз, адамгершілік, имандылық қасиеттерін дамыту. 

Өткен 2016 – 2017 оқу жылының жұмысына талдау


Семей қаласының
№37 гимназиясы КММ
7«Ә»сыныбына мінездеме
№37 гимназия КММ 7«Ә»сыныбы.Сыныпта жалпы 19 оқушы бар. 10 бала қыз бала, 9 ұл бала. Сынып жетекшісі:Шаймуратова Гульнар Бериккановна.Сынып әкімі:Калидолдина Наргиз.Сыныпта басқа мектептен,басқа сыныптан ауысып келген оқушылыр жоқ.Әлеуметтік құрамы жақсы.Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған.Сынып негізінен гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.
Сынып оқушылары ұйымшыл,бір-бірімен жақсы араласады.Сынып орта буынға кіргені үшін жалпы танымдық бағыты орташа. Оқу озаты 3 оқушы, екпінді 10 оқушы ,орташа деңгейде 6 оқушы.Сынып матиматика(алгебра, химия,геометрия,физика)жағынан аздап қиналады,ал ауызша сабақтарға келгенде (әдебиет,тарих,география,биология) алдарына жан салмай бір-бірімен жарасып,сабақ айтады.Үйірмеге қатысу жағынан оқушылар жан-жақты.Кыздардан:2 қыз домбыраға,1қыз балетке,2 қыз биге,1 қыз каратэге қатысады.Ұлдардан:1 оқушы жүзуге,3 оқушы дзюдоға,1 оқушы домбыраға,1 оқушы хоккейге қатысады.Оның ішінде гимназияшілік,
қалалық олимпиадаларға қатысып,орын алып жүрген ұлдар да бар.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшінің көмегімен,көбінесе сынып әкімі мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан кейін,оқушылардың деңгейіне,
бейімділігіне қарай оқушыларға бөліп беріп,берілген тапсырмалардың орындалуын
қадағалайды.Сынып ішінде топқа бөліну,бір-бірімен араласпай жүру деген жаман қылықтардан бойлары аулақ.Сабақ үстінде бір-біріне көмектесіп отырады.Бірінші сыныптан бастап бірге оқып,дос болып келе жатқандар да бар.Ұлдардан:Ерасыл мен Бекжан,Адильжан мен Ислам,Жалғас пен Қайсар.Кыздардан:Айымжан мен Аида,Амира мен Дильназ,Мөлдір мен Еңлік.Сыныптағы қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас жақсы,ұлдар қыздарды сыйлайды.
Оқудан тыс сынып жетекшісімен оқушылар киноға,театрға барады. Сыныптағы қарым қатынасты диагностикалау нәтижесінде, бақылау нәтижесінің қорытындыларына сүйене келе сыныптағы жалпы атмосфера өте жақсы. Аггресивті балалар кездеспеді, сабақ жағынан өздерін өте жақсы көрсете білді. Сынып гуманитарлық бағыттағы сабақтардан гөрі физика математика сынды пәндегре бейімділігі байқалды. Сыныпта бәсеке қатты байқалады, және ұлдар арасында айқын көрініске ие. Бұл басқа балалрға стимул ретінде әсер ететіні және оқушылар талпынысы жоғары деңгейге жеткізе алатын процесс. Сыныптағы оқушылар өте тыныш, бұзақылықтар мен дивиантты мінез құлық мүлдем танытпады. Оқушылармен жұмыс барысында кедергілер қарама-қайшылықтар мүлдем кездеспеді. Өткізілген тренингтар мен коррекциялық және басқада жұмыстарға оқушылар ынатлы түрде, ерекше қызығушылық таныта отырып қатысты. Сынып тәртібі мен оқу үлгерімін сынып жетекшісі қатаң түрде бақылауға алған. Сыныпта оқшауланған балалар кездеседі, брақ олар сабақ барысы мен жұмыс үстінде оқшауланатынын, ал үзіліс кезінде немесе басқада уақыттарды оқшауланған балалар байқалмайды. Оқушылар бір бірімен қарым қатынасты сабақ үлгерімі деңгейіне байланысты жасалынатыны бақылау нәтижесінде анықталды .Сыныпта қыз балалрға қарағанда ұл балалар өте белсенді және үнемі тек жақсы жағынан көрнгісі келеді.Сабақ барысында бір біріне көмектесуден аулақ, бірақ бос уақыттарында барлығы бір бірне көмектесіп отырады. Оқушылар бізді өте жақсы қабылдап барлық тапсырмаларды бұлжытпай орындады. Іс тәжірбие барысында сыннпқа құрылған жоспар бойнша құрылған жұмыстардың барлығы толығымен атқарылып нәтижелердің барлығы қорытыланды . Сонымен қатар ұзақ уақыт бақылау нәтижелері мен диагностикалық жұмыстарды алдыға тарта отырып сынып ұйымшыл, алайда лидерге (Калидолдина Наргиз) айқын бағынатыны,тәртіп пен сабақты бірінші орынға қоятын сынып деп айта аламын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет