1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары



бет42/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79
Бекітуге арналған сұрақтар: 1. XX ғасыр аяғы – XXI ғасыр басындағы рухани мәдениеттің ерекшеліктеріі: Жаңагегельшілдік, неопозитивизм, неотомизм.
2. Иррационализм бағыты.Экзистенциализм. Позитивизм.


1.Материалистік және идеалистік диалектика. Диалектика және Диалектика термині ежелгі Грецияда - «dialektike»- шыққан. Алғашқы кезде диалектиканы әртүрлі пікірлес адамдардың өзара сұхбаты, пікірталасы арқылы ақиқатқа жетудің жолы деп түсінген. Аристотельдің айтуынша диалектиканы алғаш ойлап тапқан – Зенон. Аристотель өз философиясында диалектиканы ықтималдық пікірлер жөніндегі ілім деп, оны дәлелдеулер уүралы ілімнен – аналитикадан ажыратып қарайды.
Диалектика өмірдегі, табиғатты бар нәрсеге зейін қояды. Ол - табиғатты, қоғамдағы толассыз қозғалыс, өзгеріс. Диалектика үшін жалпы болмыстың өзі – процесс. Онда мәңгі тұрақты еш нәрсе жоқ. Өмір- жалпы ағым. Болмыста барлық құбылыстар өзара тікелей не дәнекерлі байланыста. Ежелгі Грецияда мәселені осы мағынада алғаш қойған Гераклит- б.д.д. 6 ғ. Элей қаласынан шыққан Зенон әрбір нәрсенің ішкі қайшылықта екенін алғаш ашты деуге болады. Ол қозғалыстын не екендігіне тұңғыш логикалық талдау жасап, қозғалыс шын мәнінде жоқ деген тұжырымға келген.
Диалектикалық ойлау тарихта үш кезеңді бастап кешіруде.
Антика дәуірінің диалектикасы. Оны тұтастықтың немесе бүтіндіктің – целостность- диалектикасы деуге болады. Осы диалектикасында әлі даму идеясы жоқ.. Қозғалыс бар, өзгеру жоқ..
Дилектикалық ойлау тәсілінің классикалық кезеңі – 18, 19 -20 ғғ. Оның негізін салушылар – классикалық неміс философиясы, Маркстік диалектикалық ой. Бұл кезеңдегі диалектикалық ойлау концепциялары да әртүрлі принициптерге негізделген. Даму идеясы, іс-әрекет, белсенділік принципі.
Антикалық дәуірмен Жаңа дәуір философиясын жақындастыратын идея – барлық болмысты, адамды қоса, бір тұтас ететін оның субстанциялық негізі. Тұтастық туралы идея жаңа дәуірде да сақталады. Қозғалыс, өзгерістердің ішкі мәні – даму. Тек даму ғана өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті тұтастыратын нәрсе.
Гегельдің пікірінше, табиғат та, адам да Абсолюттік рухтің даму жолындағы нақты сыртқы формаға ие болған, іске асқан формалары, оның өзін - өзі тануының формалары, абсолюттік идеяға, яғни өзінің тазаланған формасына қайтып оралу жолындағы өткінші кезеңдер.
Әрбір бүтін құбылыс ішкі қайшылықта, онда қарама-қарсы жақтары ұмтылыстары, бағыттары бар, олар бір-бірін теріске шығарады әрі бір-бірін толықтырады. Құбылыстарда абсолюттік ішкі қайшылықты алаңсыз теріс нәрсе деп ұғынудан аулақ. Гегельге дейін көбінесе осылай ойлаған. Керісінше, Гегель ішкі қайшылыққа соншалықты зор мән берген. Қайшылық, оның ойынша, өміршеңдіктің көзі.
К.Маркс Гегельдің диалектикалық ойларын біршама жалғастырады. Бірақ ол диалектикалық сипат адамның, әлемнен тыс рухтың емес, табиғат пен адамның, адам тарихының ішкі мәні деп ойлады. Диалектика ең алдымен дүниені өзгерту қызметіне тән, яғни адмзат тарихында неғұрлым айқын.
Материалистік диалектика – табиғаттың, қоғамның және ойлаудың ең жалпы заңдарын зерттейтін ғылым. Маркстің түсінуінде қоғамдық сананы қоғамдық болмыс анықтайды, ол қоғамдық болмыс – адамдардың өз өмірін жасаудың және қайта жасаудың жолы немесе тәсілі.
Метафизика
Метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында алғаш қолданған Гегель. Ол мұны негізінде 17-18 ғғ. Ғылымға, әсіресе философияға қолданады. Метафизиканың бұл мағынасы танымдағы, ойлаудағы сыңар жақтылығы, әр нәрсенің өзгерісін, тарихи қалыптасуын ескермейді, басқа нәрселермен байланыссыз оқшау алып қарауды көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет