1Тақырып. Философияның пайда болуы және дамуы Философияның пәні мен иялары Философияның негізгі бағыттары: материализм және идеализм Дұнетанымның негізгі тұрлері Философияның пәні мен категориялары


XX ғ. ортасынан бастап, осы күнге дейін (постклассикалық саты)



бет22/79
Дата19.05.2023
өлшемі474,2 Kb.
#95132
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79
Байланысты:
1Òà?ûðûï. Ôèëîñîôèÿíû? ïàéäà áîëóû æ?íå äàìóû Ôèëîñîôèÿíû? ï?í³

XX ғ. ортасынан бастап, осы күнге дейін (постклассикалық саты).

Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сиякты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау аркылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жоқ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру аркылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек кызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі ондай жетілген болмаса да, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді. Мысалы, адамның колын алайықшы: оның жан-жақтылығы соншалыкты, тек таңғаласың. Бұл жолда дәрігерлердің микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып механизмдерді жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады.
Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады. Қазақстандағы кеңес заманында салынған біршама алып өндіріс кешендерінің тоқтап тұрғанының себебі де осында: ондағы ескі технологиялар дұрыс нарықта өтетін тауарларды шығаруға мүмкіндік бермейді.
Технология үғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Оны біз өндірісте ғана емес, коғамның басқа салаларында да қолданып жүрміз. Бүгін біз саясатта «пиар-технология», коғамдық пікірді қалыптастыру жолында «ақпараттык технология», білім беру жүйесінде «педагогикалық технологиялардың» т.с.с. неше түрлерін көріп те, естіп те жүрміз. Қайсыбір затты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік), содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда біршама күш-қуат жұмсау (энергия) және шешім қабылдау мен оның іске асуын бақылау (контроль) керек. Тарихтың алғашқы сатыларында оның бәрін де адамның өзі жасады. Бірақ, жүре келе, жануарларды үйретіп, көлік ретінде пайдалана бастады. Үй салу жолында адам неше түрлі тастарды жоғарыға көтеретін алғашқы дәнекерлерді жасайды да, соңынан оның ішкі сырын ашып, механиканың алғашқы қағидаларын тудырады. Содан кейінгі үлкен жаңалық -адам су шығыршығын ойлап шығарып, ағыс күшін игерді, нәтижесінде су диірмені пайда болды. Бұл алғашқы технологиялық машинаның дүниеге келуі еді. Онда қозғаушы күш, оны жеткізу, жұмыс жасау механизмдері бірге берілген. Жүре келе, ғасырлар шеңберінде олар бір-бірінен бөлініп, қозғаушы механизмдер, оны жеткізу және технологиялық машиналар пайда болады. 18-ғ. аяғында технологиялық машиналарды жасауда нағыз төңкеріс болды: жіпті иіретін, мата тоқитын машиналар дүниеге келді. Бу күшіне негізделген қозғалтқыштар пайда болып, мұның өзі алып өндірістер - фабрикалардың дүниеге келуіне себеп болды. XX ғ. дүниеге келген электр күшіне негізделген жеке қозғалтқыштар әрбір машинаның құрамдас бөлігіне айналып, өндірісті әрі қарай дамытты.
Алайда қандай машиналар жасалса да, оларды бақылап басқаратын адам болды. Бірақ ол да XX ғ. көп ұзамай, автоматтандырылған өндіріс ошақтарымен ауыстырыла басталды. Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.
Компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.
Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан стансалар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.
Осы жетістіктерге таңыркап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia - лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно-оптимистік көзқарас дейміз. Алайда шың бар жерде күз да барын ескеру керек. XX ғ. 70 жж. бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да айқындалып, (қоршаған ортаның бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника кұлына айналуы т.с.с.) көрсетіле бастады. Антисциен-тистік, техно-пессимистік бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды «құмырадан шығып кеткен жынға» теңеп, «енді әрі карай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай кұрып кетеді» деген пікір айтты. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» демекші, жаңа ғана дамып келе жаткан елдер өз өндіріс кешендерін орнатып, халықтарының әл-ауқатын көтергісі келеді, Батыс ойшылдарының алаңдауын олар ескермейді.
Сонда әрі қарай не істеу керек деген заңды сұрақ туады. Кейбір кезде, мүмкін, Табиғаттың баласы болып, оған қарсы шықпай, үндесті өмір сурген біздің көшпенді бабаларымыз дұрыс істеген болар деген де сұрақ ойымызға келеді. Әрине, ол романтикалық көзкарас. Ғылым мен техниканың дамуын тоқтату мүмкін емес. Сонымен қатар ғылымның жетістіктерін өмірге енгізген кезде (ол ғылымның негізгі мақсаты), ойланып-толғанып, тек бүгінгі күннің мүддесін ғана ойлап коймай, сонымен қатар алыс болашаққа тигізетін оң, я болмаса теріс әсерін сараптауға салу керек. Ал ол үшін білім беру саласын тез карқынмен дамыту керек.
Біріншіден айтып кететін жайт бүгінгі таңдағы білім үлесінің (ақпараттың) коғамның қай саласында болмасын күрт өсуі. Егер білімнің еке есеге есуі адамзат тарихында 1 ғ. бастап 1750 жылға дейін созылса, келесі екі есе өсуі 1750-1900 жж., ал XX ғ. 50-ақ жылда екі есеге өсті. Ғалымдардың айтуына карағанда, бүгінгі жер бетіндегі метрлік толқындағы радиосәулелердің деңгейі Юпитер мен Сатурн сияқты планеталардан асып түсіп, тек Күннен ғана кем болып тұр, сонымен қатар ол Ғарыштан байқауға болатын дәрежеге жеткен. Сонау көне заманнан бастап ақпаратты таратудың негізгі құралы ретінде жазу колданса, ал кітап арқылы білім Орта ғасырдан бастап таратыла бастаса, XX ғ. радио, теледидар, телефон, телеграф сияқты электрлік кұралдар пайдаланылды. 70-ші жылдары компьютерлік электрондық құралдар кеңінен өмірде қолданылып, білімді тарату мен қолданудың мүмкіншіліктері көптеген есе өсті. Акпарат негізгі тұтыну тауарына айналды. Сол себепті бүгінгі таңда дамыған елдерде материалдық өндірісте тек халықтың 24-26%-ы ғана істейді. Керісінше, рухани өндірістегі адамдардың саны 36-38%-ға жеткен! Өйткені өндіргіш күштер өскен сайын материалдық өндіріске керек адамдардың саны да соған сәйкес азая бермек. Ақпараттық қызмет көрсету саласы дамыған елдерде бүгін бүкіл экономиканың 50%-ынын асады екен! Сонымен ақпарат ең кұнды тауарлардың қатарына кірді. Олай болса, ұлттық акпарат ресурстары сол коғамның негізгі байлығы болып есептеледі. Енді оның ғажап ерекшелігі мынада. Мысалы, сіз мың дана көйлектің 500-ін сатсаңыз, сізде 500-і калады. Ал 1000 бит ақпарат сатсаңыз, оның құнын аласыз да, сонымен катар сол 1000 бит колыңызда бұрынғыдай қала береді!
Олай болса, қазіргі қоғамның негізгі капиталына адамдардың қабілеттері, табиғи дарындары, оларды дамытып, тиімді пайдалану жататыны айдан анық. Қай ел өз адамдарының шығармашылық мүмкіндіктерін гүлдетіп, тиімді пайдалана алса, табиғи байлықтары аз болса да, өркендеп алғы шепке өтіп кетуі мүмкін. Ол үшін білім саласына көп көңіл бөлінуі керек.
Сондықтан да біздің жас мемлекетімізде де білім беру саласына, оның дамуына көп көңіл бөлінуде. Бұл салада тәуелсіздік жылдары көп өзгерістер пайда болды.
Біріншіден, жаңа заманның үрдістеріне сай мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындары компьютерлік құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ел қандай қиын жағдайда болса да, жас мемлекет оған қаржы аяған жоқ. Көп оқу орындары «Интернет» жүйесіне қосылып, мектеп оқушылары мен студенттер дүниежүзілік ақпарат қорымен пайдалануға мүмкіндік алды. Жаңа заманға сай оқулықтар дайындалып, мультмедиалық білім беру әдістері алдыңғы шептегі мүғалімдердің күнбе-күнгі жүмысына айналды.
Жоғары білім беру саласында жекеменшікке негізделген оқу орындары пайда болып, дами бастады. Әрине, бұл үлкен жүмыста асыра сілтеушілік де болды. Мұндай үрдіс басталған кезде, сол саланы басқарған кейбір шен иелері «көз қысты, бармақ басты» жолына түсіп, оңды-солды лицензиялар беріп, ешқандай материалдық базасы жоқ «университеттердің» ашылуына жол беріп қойды. Жоғары білім беру «жеңіл іске» айналды. Тұрпайы пайда табуға құныққан оқу-білім саласындағы «іскерлер» қаншама соларға сенген жастардың тағдырына өз кеселін тигізді!
Бүгінгі таңда жағдай дұрысталуда. Үш бөлмелі пәтерді жалға алып, «университет ашқан» заман артта қалды. Дегенмен де бұл күрделі салада қиындықтар - әлі шаш етектен.
Қай елде болмасын, білім беру жүйесі екі мәселені қамтиды. Біріншіден, заманның талабына сай кәсіби білім беру, сол саладағы соңғы технологияларға үйрету. Екіншіден, әлеуметтік-гуманитарлық білім беріп, болашақ мамандардың тұлғалық, азаматтық қасиеттерін шыңдау. Осы тұрғыдан алып карағанда, бұрынғы білім беру жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге аса көп көңіл бөлінген болатын. Сонымен қатар арнаулы кәсіби білім беру, жаңа технологияларға үйрету заман талабына көп жағдайда сай келмейтін.
Енді жағдай керісінше орын алып отыр. Гуманитарлық білім беру жүйесі мейлінше кеміп, кәсіби білім беруге мейлінше көп көңіл бөлінуде. Тікелей батыс білім беру жүйесі сияқты. Мұндай асыра сілтеушілік «бір жақты» дамыған, тек өз саласын ғана жақсы білетін мамандардың дүниеге келуіне себеп болады. Қарап отырсақ, Батыс елдеріндегі рухани дағдарыстың себептерінің бірі осында болса керек. Жалаң технократизм дұрыс нәтижеге әкеледі деп айту қиын. Екі-ақ мысал келтірейік. Қытай елінде (5 мың жылдық өркениеттігі бар) мыңдаған жылдар бойы мемлекеттік жұмысқа өтерде конфуциандық этикадан емтихан қабылданады. Тұлғаның моральдық қасиеттері егжей-тегжейлі тексеріледі. Әрине, жемқорлықты түбегейлі жою, қай елде болмасын, мүмкін емес. Бірақ ол елдегі жағдай, бұл жағынан алып карағанда, мүлде өзгеше. Біздің елде Конституция мен екі-үш заңды білсең болғаны, мемлекет саласында жұмыс істеуге жол ашылады. Көп жағдайда жоғарғы лауазым иелерінің халық алдында берген анты үстірт рәсімге айналып отыр. Бірде-бір антты бұзған шен иесі жөнінде ақпарат естіген жоқпыз: мүмкін, ондай мемлекет қызметкерлері біздің елде болмаған шығар?!
Екінші мысал ретінде Англия премьер-министрі Тони Блеердің қазан айындағы (2005) парламент алдындағы сөйлеген сөзін айтсақ та болғаны. Ол Еуропа жоғары білім беру жүйесін реформалау керектігін, Қытай мен Үндістан елі жоғары мектептерінің олардан озып кету мүмкіндігін басып айтты. Ал біз болсақ, Еуропа стандарттарын жалаң еліктеушіліктің негізінде қабылдап жатқан жағдайымыз бар. Шығысқа қарай «мойнымызды бұрып», ондағы жиналған тәжірибені де игерсек дұрыс болмай ма? Мұндай жағдайда біздің телеэкранда араларында жантүршігерлік кадрларды көрсетіп, «Биллды өлтіру-1, Биллды өлтіру-2, Биллды өлтіру-3» деген жарнамалар болмас еді. Әрине, білім беру жүйесі бүгінгі заманда өне бойы озгерісте болуы керек. Сонда ғана біз артта қалушылықпен мәңгілік қоштасамыз. Электрондық, мультимедиалық құралдар да кеңінен пайдалануы керек. Нешетүрлі тестілерді де оқу барысында колдану қажет. Бірақ қай елде болмасын, тек қана мыңдаған жылдар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол - ¥стаздың оқу барысындағы шешуші рөлі, өйткені білім беру жүйесінде адам заманның талабына сай тұлғаға айналуы кажет. Бірде-бір техникалық құрал ¥стаздың орнын ауыстыра алмайды. Ол - білім беру жүйесінің арқауы. Олай болса, қоғам өміріндегі оның мәртебесін көтеру, оның материалдық ахуалын жақсарту арқылы білім беру жүйесін шынайы дамытуға болады. Қазақстан интеллигенциясының шығар-машылық потенциалы жеткілікті. Біздің жастар да талантты. Олай болса, бұл саладағы саясат осы мүмкіндіктерді шындыққа айналдыруға бағытталуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет