1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Тәуке хан тұсындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз (1680-1715 ). «Жеті жарғы» заңдар жинағы



бет18/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
19.Тәуке хан тұсындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз (1680-1715 ). «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
Жәңгір қайтыс болған соң, хан тағына оның ұлы Тәуке хан отырды.Атанасы Түркістан. Тәуке хан тағына отырған соң,қазақ хандығындағы асқынған ішкі феодалдық талас тартыс пен бытыраңқылықты жойып,бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құрыға күш салды.Тәуке хан көршілес жатқан қырғыз тайпалары мен қарақалпақ тайпаларының едәуір бөлігін қазақ құрамына қосып алады.Қырғызды қоқым Қарашор би арқылы, Қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарып, тізгінді ұстады.Тәуке ханның қырғыздармен және қарақалпақтармен одақтас болуы жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті.1680ж. Оңт.ҚЗға шабуылдаған кезде, Түркістан қаласы ғана аман қалды.Себебі онда әскерлермен Тәуке хан юолған еді. Қазақ ханы Тәуке береке бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл тойтарыс беру үшін қажырлы қайрат жұмсады.Үш жүздің басын қосып,бүкіл қазақ еліне хандық құрды.
Жеті жарғы---Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тарихшылар «Жеті жарғыны» ойраттардың «Их цааз» заңдар жинағына жауабы ретінде қарастырады. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен ақылдаса отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1-жарғы. Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.
5-жарғы. Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6-жарғы. Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет