1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Қазақ орыс қарым-қатынастарына талдау жасаңыз. Қазақстанның Ресей империясына қосылуының басталуы: алғышарттары, барысы, салдары



бет20/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
21.Қазақ орыс қарым-қатынастарына талдау жасаңыз. Қазақстанның Ресей империясына қосылуының басталуы: алғышарттары, барысы, салдары.
Қазақ-орыс қатынастарының тарихи тамыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады. Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалық байланыстар орнатуға мүдделілік танытты. Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандыктары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды. 1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді. Бірақ олар Сібір татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік Қазақ хандығына жете алмады.XVI ғасырда бір орталыққа біріккен Ресей мемлекеті нығая бастады. Сол себепті, Ресей өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды жаулап алу саясатын тегеуірінді турде жургізе бастады. Сібір мен Қазақ жерлерін қосып алудағы Ресей империясының мақсаты шикізат көздері мен бағалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін нығайту саясаты болатын.
Жаңа жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде Қазақ жері-мен шекаралас аудандарға әскери бекіністер орнатуға ерекше көңіл бөлінді. Бекініс қамалдар маңына поселкалар мен деревнялар тұрғызыла бастады. Батыс Сібір аумағындағы алғашқы орыс қаласы Қазақ хандығының шекара-сына жақын Ертістің құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы салынған Обь қалашығы еді.
Қазақтардың 1728, 1730 жылдардағы жеңістері Жоңғар хандығы тарапы-нан қауіпті азайтқанмен, Қазақ хандығындағы жағдай тұтастай алғанда шие-леністі қалпында қала берді. Оның үстіне хандықтағы саяси дағдарыс те-реңдеп кетті. Өйткені Кіші жүзде Әбілқайыр хан, Орта жүзде Сәмеке хан (Шахмұхаммед), ¥лы жүзде Жолбарыс хан жеке-дара билік жүргізіп, қазақ жүздері бірте-бірте оқшаулана бастады.
Жоңғарлармен соғыс әбден қажытқан, әлі де алда талай жойқын соғыстар қаупі күтіп тұрған осындай жағдайда, қазақ халқының ауыр жағдайын пайдаланған башқұрттар, еділ қалмақтары, ортаазиялық хандықтар, сібір казактары да қазақтарға қысымын күшейте түсті. Осындай күрделі тарихи кезеңде әрі тығырыққа тірелген елдің тағдырын шешудің кезі келген шақта Кіші жүз ханы Әбілқайыр мықты держава Ресей протекторатын қабылдау туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының тарихи тағдырындағы түбе-гейлі өзгерістің бастамасы болған еді.


Қазақстанның Ресей империясына қосылуының басталуыXVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды.XVIII ғасырдың 20 жылдары қазақ халқы үшін тарихта ел басына күн туған кезең болды, көршілес елдер тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты, әсіресе  жоңғарлардың шығыстан ойран салып ірі соққылар беруі, қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне қиындата түсті. Сыртқы саясаттағы жағдай қазақтарды орын алған жағдайдан шығу жолын іздеуге мәжбүр қылды. 1726 жылы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр, старшиндар Сүгір, Едікбай, Қажыбай, Құлымбай және басқалары Ресейге, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы Қойбағарды жіберген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды, сонда да Әбілқайыр хан өзінің бодандығынан және пиғылынан қайтпай, 1730 жылы қыркүйекте Уфа арқылы елші жібереді.1731 жылы 5 қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында жауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды. Әбілқайыр 1731 жылы 10 қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттармен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады, оған Бөгенбай, Есет батырлар мен Құдайменде мырза қосылды.Алайда, Кіші жүз ресейлік бодандықты қабылдаған соң Қазақстандағы жағдай күрделі болып қалды. Жоңғарлардың ойран салып басып кіру қаупі арылған жоқ.
1731 жылдың аяғында Әбілқайыр және Бөгенбай батыр өздерінің елшілерін Орта Жүзге жіберіп, Семеке ханға, егер Ресей бодандығын қабылдаса орыс әскерлерінің көмегімен өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі жөнінде уәде берді. Семеке Әбілхайырдың ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөліктері Ресей құрамына формальды түрде кірді.1733 жылы 2 қаңтарда Әбілхайырдың Петербургке жіберген елшісімен Уфаға келді. Петербургтегі келіссөздің нәтижесінде Кіші Жүздің Ресей бодандығына кіруі ресми ресімделді.
Жаңадан біріктірілген қазақ жерлеріндегі көзқарасты бекіту үшін 1734 жылы мамырда I Петрдің сыбайласы – Сенаттың обер-хатшысы И.К. Кириллов басқарған Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. А.И. Тевкелев оның көмекшісі болып бекітілді. Комиссияның міндетіне Ресейдің құрамына кірген жерлерді жан-жақты зерделеу, табиғи ресурстарды барлау, Орск бекінісінің имаратын салу, орыс және қазақ иеленушілерінің арасындағы жаңа шекараны анықтау кірді. Бірқатар себептер және ең алдымен 1734-1738 жылдарда Башқұрт көтерілісі Орынбор экспедициясының кеңейтілген жоспарын жүзеге асыруға кедергі жасады. 1735 жылы орыс-қазақ саяси және сауда өзара қарым-қатынасын дамытуда маңызды мағынаға ие Орынбор қаласының негізі қаланды. 1737 жылы И.К. Кирилловтың қайтыс болуына байланысты, Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндерінің елшілерін бағындыруға тырысқан В.Н. Татищев Орынбор өлкесінің жаңа бастығы болып тағайындалды.
XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін қосу әртүрлі саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді. Оңтүстік Қазақстанды, содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді.Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет