1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


XIX ғ. қазақтардың азаттық күресіне талдау жасаңыз. Қаратай және Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 жж.)



бет26/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

29.XIX ғ. қазақтардың азаттық күресіне талдау жасаңыз. Қаратай және Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 жж.).
Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың (1812-1821 жж.) ұлт-азаттығы жолындағы қозғалыстары.
1806 жылы Қаратай Нұралиев бірнеше мың қол жинап, патша үкіметіне қарсы көтеріліске дайындалды. Оны ұстауға Орынбордан таможнялық әкім Бекчуриннің басқаруымен Беляковтың жүздігі жіберілді. Олар күтпеген қарсылыққа үшырап, құр қол қайтқан соң, Қаратайды Орынборға шақыртып, алдап қолға түсіру әрекетін де жасап корді. Оған да кенбеген сұлтанды ұстауға 1807 жылы 3 артиллерия қаруы, 1500 адамы бар генерал-майор Герцебергтің, келер жылы 400 атты казактан жасақталған атаман Бородиннің, полковник Донсковтың, штабс-капитан Ешпанешниковтың т.б. жазалаушы отрядтары аттандырылды. Кетеріліс әр кезде әр келкі болып, 1820 жылдардың басына дейін созылды.
1816 жылдан 1821 жылға дейін Арынғазы Хиуаға қарсы азаттық күресін жүргізді. 1815 жылы Арынғазының әкесі Әбілғазы хан өлгенде ол 30 жасқа толады. Оған дейін Кіші жүздің иеліктерінде қайраткерлік танытқан Арынғазы ел арасында біршама бедел жинаған болатын. 1816 жылы ел ішінде тәртіп орнату мақсатында старшындардың билігін шектеп, сұлтандардың өз білгендіктерін істеуін тоқтатқан еді. Сондай-ақ, ол билер соты мен молдалардың да өкілеттілігін шектеді. Арынғазының ел арасында беделінің өсуіне байланысты старшындардың көпшілігі оны Кіші жүзге хандыққа бекітуді сұрап патша әкімшілігіне өтініш білдіреді. Арынғазы болса, хиуалықтардың үстемдігін біржола жойып, сонымен қатар бір хандық құруды жоспарлайды. Бір хандық қана құру Ресейдің келісімінсіз мүмкін емес-ті. Сондықтан, Ресеймен жақындасуды ойлаған Арынғазы Орынбор генерал-губернаторы Эссен мен Шекаралық комиссия төрағасы А.Веселицкийдің қолдауына сүйене отырып, патшадан қолдау көрсетуді сұрау үшін 1821 жылы Санкт-Петербургке аттанады. Бірақ, оның үміті ақталмайды. Бұхар мен Хиуа хандықтарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырамыз деген желеумен патша әкімшілігі оны шақырып, тұтқындап, Калугаға жер аударады. Ол 1833 жылы сонда қайтыс болад


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет