14.Сібір хандығының тарихына сипаттама беріңіз. Көшім хан.
Сібір хандығы — 15 ғасырда Батыс Сібірде құрылған феодалдық мемлекет. Алтын Орданың құлдырауынан және одан Шайбаниұлысының бөлініп шығуынан пайда болған хандық. Сібір ханы Көшім.
XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір. Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті.Моңғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулиетінің жері саналғанымен, елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжорлары әулиетінің қолында болды. Тайбұға Шыңғысханның құрметіне өзінің астанасы Тура қаласын Чимги-Тура деп атаған. Қазір ол қаланың орнында Тюмень қаласы орналасқан. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.
Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т. б.Астанасы: Искер қаласы.1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алтыұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұға мен соғысып, оны жеңеді
Экономикасы мен мәдениеті. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.
Сібір-Ресей қатынасы. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.1574–1575 жылдары сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды.1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі.1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді.1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.
15.ХIII ғ. – ХV ғ. 1-ші жартысындағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетіне сипаттама беріңіз.
13-15ғ. ғ Қазақстанның рухани мәдениеті. ХІII-ХІV ғасырларда Алтын Орда (Дешті Қыпшакта), Мамлюктік Египетте қыпшақ тілінде көптеген шығармалар туды. Дешті Қыпшақ тілінде жазылып, ертеден бізге жеткен мұра 1245 жылы құрастырылған түрік-араб сөздігі. Өзінің сипаты жағынан алғанда бұл глоссарий кыпшақ (құман) тілі ескерткіштерінің бірі - "Кодекс куманикустың" (XIII ғасырдың аяғы - XIV ғасырдың басы) тіліне жақын. Біздің заманымызға дейін жеткен қыпшақ-орыс сөздігінің үзінділері де сол кезеңге қатысты. ХІII-ХІV ғасырларда түрік тілінде жазылған, Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан белгілі жазба ескерткіштер де жоқ емес. Мәселен, XIII ғасырдың басында Мұхаммед ибн Қайс түрік тілі туралы грамматикалық шығарма жазды ("Үлкен кітаб"). Ғалым Хусам ад-дин Хамиди әл-Асими Баршынлығидың есімі әйгілі болды. Ол өз шығар-маларын үш тілде (араб, түрік, парсы) жазды.Моңғолдар үстемдік еткен кезеңде Дешті Қыпшақ түркі әлеуметінің дамуына Алтын Орданың Еділ жағалауындағы, Хорезмдегі, Қырымдағы мәдени ошақтардың маңызы зор болды. Жошы ұлысының Шығыс бөлігінен шыққан белгілі ғалым, әдебиетші Ахмет Хорезми өзінің "Махаббат наме" деген шығармасын жазды. Өзбек хан тұсында, XIV ғасырдың 30-жылдарында Алтын Орданың түркі тілді әдебиетінің әйгілі ескерткіші - Кұтыбтың "Хұсрау-Шырын" деген поэтикалық шығармасы жарық көрді.ХІІI-ХV ғасырларда халықтың ауызекі шығармашылығы күшті дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түрік тайпаларының өркен жайған ауызша поэзиясы болды. Көркем сөздің нағыз шебері болған Сыпыра жырау мен Қодан тайшы (XIV ғ.), Асан Қайғы мен Қазтуған (ХV-ХVІ ғғ.) жыраулардың шығармашылығы кеңінен танылып, олар шығарған тарихи шындықты бейнелейтін батырлар жыры халық зердесінде сақталды. Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ халкының тарихын бейнелейтін "Ер Тарғын", "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Едіге батыр" және баска жырларды солардың қатарына жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |