1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы қызметіне талдау жасаңыз. «Алаш» қозғалысы және Екінші Бүкілқазақ съезі



бет40/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

46. Қазақ зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы қызметіне талдау жасаңыз. «Алаш» қозғалысы және Екінші Бүкілқазақ съезі.
Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казак әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті.Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нәтижесінде, «Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы-Ә.Бөкейханов.Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп , тәуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз партиясын – Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясының бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. 1917ж. 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғ. басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов.Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
1.Сібір автономиясы;
2.Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
3.Қазақ-қырғыз автономиясы;
4.Милиция туралы;
5.Ұлт кеңесі;
6.Ұлт қазынасы;
7.Мүфтилік мәселесі;
8.Халық соты;
9.Ауылды басқару және
10.азық-түлік мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет