1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Қазан революциясына сипаттама. Қз-танда Кеңес өкіметінің орнатылуының тәжірибесі мен мәселелері



бет39/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

44.1917 Қазан революциясына сипаттама. Қз-танда Кеңес өкіметінің орнатылуының тәжірибесі мен мәселелері.
1917 25 қазан (7 қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды.Оған Санкт-Петербург жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттарына қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік 2 съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын +бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, Владимир Ленин дайындаған Бітім Жер туралы декреттерді қабылдады.
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (орыстар +украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты.Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамадаКеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы. Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.
45. Түркістан (Қоқан) автономиясының аумағын картадан көрсет. М. Шоқайдың қызметіне баға беріңіз.
1917 жылы 22 карашада Ташкент қаласында өз жұмысын аяқтаған Түркістан өлкелік Кеңестер съезі Түркістанда Кеңестік биліктің орнағанын ресми түрде жария ете отырып, бірақ жаңадан құрылған үкіметтің құрамына жергілікті ұлттардың бірде-бір өкілін енгізбеді.IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі 26 карашада Қоқан қаласында өз жұмысын бастады.Съезд шешімімен құрылған Түркістан-Қоқан автономиясының 54 адамнан тұратын уақытша халық кеңесінің құрамына сайланды. Уақытша үкіметтің сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметтің төрағасы Мұхамеджан Тынышпаев қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына Шоқай сайланды.Тау-кен жұмысшылары, мұсылман солдаттар, мұсылман кәсіподақ мүшелерінен, барлығы 200-ден астам өкіл қатысқан бұл съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялады.Түркістан Уақытша кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уақытша үкіметін бекітті. Үкіметтің негізгі міндеті, оның төрағасы болған М.Шоқайдың атап көрсеткендей «байыпты да парасатты саясат жүргізе отырып, бүкіл түркі атаулыны бір қазанда кайнатып, ақырында, бір ұлттық мемлекет түзу» еді.Съезд Түркістандағы барлық халықтардың құқын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, еврей, жұмысшы, солдат және шаруаларын, барлық тұрғындарын Түркістан билігі төңірегіне топтасуға шақырды. 1918 жылдың 11 ақпанында Кеңес өкіметі жұмсаған әскер күштері Қоқан қаласына басып кіріп, Түркістан автономиясы үкіметін күшпен таратып жіберді.Мұстафа Шоқай автономияны сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті. Бірақ, өкінішке қарай автономияның ғұмыры ұзаққа созылмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет