1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


-1945 ж Қазақстан Ұлы Отан соғысының майдан арсеналы болғанын дәлелде. Көкшетаулықтардың жеңіске қосқан үлесіне баға



бет50/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

61.1941-1945 ж Қазақстан Ұлы Отан соғысының майдан арсеналы болғанын дәлелде. Көкшетаулықтардың жеңіске қосқан үлесіне баға .
1941-1945жж. Кеңес Одағының ҰОсоғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста ҚЗ әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ:Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941ж. 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді.ҚЗ халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. М, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. ҚЗнан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды.
1941 жылдың маусымында Көкшетауда (сол кезде Кокчетавта) әскери бөлімшелерді жасау бойынша комиссия өз жұмысын бастаған. Аудандық әскери комиссариаттарға қазақ ұлттық кавалерия құрамы қатарына қабылдау туралы өтініштермен көп арыздар түскен. Нақты деректер бойынша, соғыста 1366164 қазақстандық шайқасқан, соның ішінде шамамен 60 мың көкшетаулықтар. Жан аямай тылда қалғандары да еңбек еткен. «Біз соғыс майданынан алыс аулақ жердеміз. Бұл бізді үкіметтің барлық тапсырмаларын он еселенген жігермен орындауға міндеттейді. Біздің жұмысымыз майдан мен Отанды қорғау мүдделеріне бағынуы тиіс» , деп сол кезде қала тұрғындары айтқан екен. Осы кезеңде құрамына біздің қаламыз кірген, Көкшетау ауданында, 48 колхоз, 3 машина-трактор бекеті, құю-механикалық, спирт-арақ, кірпіш, 2 ат зауыты және ұсақ артельдер. Әскери міндетті тұлғалардың негізгі контингенті ай ішінде майданға жіберу үшін жұмылдырылған, дәл сол жаққа жұмыс үшін бар жарамды автокөлік те жіберілген болатын.Кокчетав ауданының колхозшылары босатылған қалалар мен селолар үшін 364 мүйізді ірі қара малды, 722 - қой мен ешкі, көп ат көлігі мен мүлікті бөлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет