64.Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы Соғыстан кейін 1946-1953жж. халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
65.1946-1953 ж Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірді сипаттаңыз. «Бекмаханов ісі». Қ.станның экономикасын бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. Республиканың қоғамдық саяси өмірінде Қазақ КСР ның мемлекеттік Гимінің 1946 жылы 26шы шілдеде енгізілуі зор оқиға болды. Соғыстан кейінгі жылдары Коммунистік партия халық шаруашылығын дамытуға және әлеуметтік мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарын барынша тартқанымен, олардың қоғамдық өмірде, халықпен жұмыс істеудегі дербестігі шектелді.Қ.станның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жң басында өзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы әсіресе тигізді. Соғыстан кейінгі жылдарда Қ.станда пісіп жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әкімшіл әміршіл жүйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды. Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушыларының шығармалары ҰЛЫ Отан соғысына арналған. Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ә. Нүрпейсовтың «Курляндия» т.б. Осы жылдары Әуезовтың «Абай жолы», С. Мұқановтың «Ш.Уалиханов»сияқты тарихи шығармалар жарық көрді.1946 ж. Қ.стан Ғылым академиясы құрылып, республикада ғылым мен ғылыми зерттеу мекемелерінің дамуында елеулі рөл атқарды. Онда 500 жуық асперанттар жұмыс істеді. Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 ж. Қ.станда жалпы білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы орта оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Қорыта келе сталиндік тоталитарлық жүйенің үстемдігі нәтижесінде көптеген қарама қарсылықтар, елеулі көлеңкелі жақтар орын алды. Бұл республикада демократиялық қатынастардың тежелуіне, қазақтың ұлттық мәдениетінің одан әрі дамуына үлкен зардаптарын тигізді.
14 тамыз 1946 жыл БКП (б) ОК "Звезда" мен «Ленинград" журналдары туралы" қаулысымен саяси қуғын-сүргіннің жаңа толқыны басталды. «Бекмаханов ісі».
Орталықта, Мәскеу мен Ленинградта идеологиялық қарсыластықтың ушығуы космополитизммен күрес кампаниясында көрініс тапса, Қазақстанда ол ұлттық рух пен болмысты тұншықтырумен шұғылданды.
«Бекмаханов ісі» соның көрсеткіші болды..«Бекмаханов ісі» 1940-шы —1950-ші жылдардың басындағы жалғыз жазалау ісі емес еді. республиканың көрнекті ғалым-қоғамтанушылары А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сұлейменов, Е. Исмайылов, талантты жазушы Ю. Домбровскийлер саяси айыптаулардың құрбаны болды. Саяси және буржуазиялық-ұлттық қателіктер жібергені үшін Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекхожин, С. Бегалин және басқа да белгілі ғалымдар мен жазушылар негізсіз айыпталды. Қуғынға түскен Қазақ КСР ғылым академиясының Президенті Қ. Сәтбаев пен көрнекті жазушы және ғалым М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Космополитизммен айыпталған бірқатар биолог ғалым, медиктер мен геологтар да республика ЖОО-ларының кафедраларынан, ғылыми мекемелерден қуылды.