62.Ұлы Отан соғысында Қазақстанға күштеп депортацияланған халықтарды
КСРО-ның ұлт саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-сүргініне иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді.Күрдтердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 жылы күрдтердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.
Дәл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірі халықтары «фашистік басқыншылармен жақындасты» деген желеумен көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды.
1943ж. Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңт. ҚЗ облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды. 1945 жылға карай ҚЗға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті
63.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылымның, мәдениеттің және халыққа білім берудің жағдайына сипаттама
Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы. Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз алдына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.Соғыс уақыты жағдайындағы жұмысқа сай халыққа білім беруді қайта құру, жалпы білім алу туралы Заңды орындау үшін күштер мен ресурстарды жұмылдыру бойынша партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметі, оқушы жастар арасындағы тәрбие және саяси жұмыс тақырыбы А.Сембаевтың, Н.М.Итбаевтың, М.К.Қозыбаевтың, М.П.Лайгердің еңбектерінде көрініс тапты. Соғыс жылдарындағы ҚЗ көркемөнер интеллигенциясының тарихының жекеленген жақтары С.А. Куандыкованың диссертациясында, соғыс жылдарындағы ҚЗ мәдениеті тарихының мәселелері А.К. Бисенбаевтың диссертациясында қарастырылды. 1943ж. желтоқсан айында Халық Комиссарлары Кеңесінің балаларды 7 жастан бастап, жалпыға бірдей міндетті оқытуды енгізу туралы өте маңызды қаулысы қабылданды. Жалпыға бірдей міндетті оқытуды іске асыру мақсатында мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз ету шаралары белгіленді. Мамандығы бойынша жұмыс істемей, басқа жұмыс істеп жүрген мұғалімдер мектепке қайтарылды, сырттай педагогикалық білім беру жүйесін дамыту туралы арнаулы шешім алынды, қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |