1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


ж. ортасы – 1970 ж. Қазақстанның жағдайына талдау жасаңыз. 1965 жылғы экономикалық реформа («Қосыгин» реформалары)



бет56/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

69.1960 ж. ортасы – 1970 ж. Қазақстанның жағдайына талдау жасаңыз. 1965 жылғы экономикалық реформа («Қосыгин» реформалары).
Реформалар жүргізудегі жіберілген кемшіліктер:
- экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көрсетілмеді;
- проблемалар негізінен ұйымдық қайта құруға есептелген субъективтік әрекеттер жолымен шешілді;
- қайта құрулар шалағай ойластырылып, тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді.1964 жылғы 14 қазанда КОКП ОК-нің пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды.
- шаруашылық мәселесін шешудегі субъективтілік, волюнтаристік, өктемдікке әуестік айыпталды.
- КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л.И.Брежнев сайланды.
- кеңес үкіметінің басшылығына А.Н.Косыгин сайланды.
1964 жылы қарашада КОКП ОК-нің пленумы партия, кеңес, кәсіподақ ұйымдарының өндірістік ұстаным бойынша бөлінуін тоқтатып, аумақтық-өндірістік ұстаным бойынша бөлді. 1960 жылы ортасынан 1980 жылдың ортасына дейінгі кезең тоқырау жылдары деп атаған.
-жаңашыл үрдістер әлсіреді.
-қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады.
КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор түрінде көріне бастады. КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттер: Югославия, Египет, КХДР, ҚХР.
Саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды.
1968 жылы тамызда Чехословакияда жаңару, дамудың жаңа бағытына құлшыну оқиғасы: «Прага көктемі» аталған бұл ұмтылыс 5 ел әскерлерінің Чехословакия территориясына енгізілуіне байланысты тоқтатылды. Идеологиялық науқан басталды.
70.Кеңестік қоғамның тоқырауы кезеңіндегі Қазақстанның жағдайына сипаттама беріңіз (1970-1985 жж.). Экономиканың жағдайы.
.“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. 1975 жылы респ-ң барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды, дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен. Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды.
Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді.Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапония өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40% кем пайдаланды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді.
Өндірісті көлемі жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10% ғана пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет