2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Қиялдың түрлері және олардың сипаттамасы



бет15/33
Дата14.10.2023
өлшемі0,53 Mb.
#113909
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
4.Қиялдың түрлері және олардың сипаттамасы.
Қиял-бұл бар идеяларды қайта құру арқылы объектінің, жағдайдың бейнесін құрудың психикалық процесі. Қиял бейнелері әрқашан шындыққа сәйкес келе бермейді; оларда қиял, фантастика элементтері бар. Егер қиял санаға ештеңе сәйкес келмейтін немесе шындыққа сәйкес келмейтін суреттер салса, онда ол қиял деп аталады. Егер қиял болашаққа бағытталса, оны арман деп атайды. Қиял процесі әрқашан басқа екі психикалық процестермен – есте сақтау және ойлаумен тығыз байланысты.

Қиял түрлері


Белсенді қиял-оны қолдана отырып, ерік-жігері бар адам өз қалауы бойынша тиісті бейнелерді тудырады.
Пассивті қиял - оның бейнелері адамның еркі мен қалауынан басқа өздігінен пайда болады.
Өнімді қиял - онда шындықты адам саналы түрде құрастырады, тек механикалық түрде көшірілмейді немесе қайта жасалмайды. Бірақ сонымен бірге кескінде ол әлі де шығармашылық түрде өзгереді.
Репродуктивті қиял-шындықты сол күйінде жаңғырту міндеті қойылады, ал қиял элементі де бар болса да, мұндай қиял шығармашылықтан гөрі қабылдау немесе есте сақтау сияқты.


8-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 13.03. – 18.03.2023ж.



  1. Зейінді диагностикалауға арналған әдістемелер.

Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бірнысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т. б. жатады.
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А. Р. Лурия) — субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С. Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В. И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
-интенсивтілігі;
-жаңалығы;
-аффективтілігі.
Тапсырма баланың зейінінің тұрақтылығының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған.Бұл суретте әр түрлі фигуралар бейнеленген.Мен саған «баста» деп тапсырма берген кезде, айтқан затты суреттен «тоқта» деп айтқан уақытқа дейін іздеп, оны сызып отырасың.
Маған келген жеріңді көрсетесің мен қайта «баста» деп айтамын, сен ойынды жалғастырасың.Мен бірнеше рет «баста», «тоқта» деп айтып отырамын, мен ойын «аяқталды» деген уақытта ойын аяқталады. Бұл ойынға бала 2,5 мин. уақыт жұмсайды, әр 30 сек. кейін ойын тоқтатылып, қайта басталады.Ойын 5 рет жалғасады.
Эксперемент жүргізуші екі затты ұсынады, ол ұсынылған затты әр түрлі екі сызықпен сызып отыру керек. (Түзуінен және көлденеңінен).


Бұл суретте баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл тапсырмада бала 2,5 мин. аралығында орындауы тиіс және баланың қанша рет берілген фигураларды таба білгені есептеледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет