2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН



бет15/35
Дата12.05.2023
өлшемі478,96 Kb.
#91937
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Қабылдау:
Алдындағы 10 затты көзді жұмып шатастырып, қайта солай қою.
1- студент 10 ұпай барлық тапсырманы 30 секундта шешті 
2- студент 9 ұпай барлық тапсырманы 37 секундта шешті
3- студент 8 ұпай барлық тапсырманы 35 секундта шешті 1 қате
4- студент 7 ұпай барлық тапсырманы 20 секундта шешті 2 қате
5- студент 6 ұпай барлық тапсырманы 45 секундта шешті 1 қате
Социометрия:
1.Сен кіммен бір партада отырғың келеді? 
2.Кіммен жақын араласқың келеді? 
3.Кіммен паходқа барар едің? 
4.Кімді туған күніңе шақырғың келеді?
5.Кіммен жұмыс жасағың келеді? 
6.Кіммен топта болғың келеді?
7.Кіммен бірге тауға шыққың келеді?
8.Кіммен бірге тұрғың келеді?
9.Кіммен жақын дос болғың келеді?
Ең көп дауыс жинаған: Жеңіснұр Жадыра
Ең аз дауыс жинаған: Абдиманиева Нилуфар


9- апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 20.03. – 25.03.2023ж.
1. Есті диагностикалауға арналған әдістемелер.

Тікелей естің сапасын, сонымен бірге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді еске сақтауларды зерттеуге арналған тәжірибелік әдістемелердің ішінен төмендегі тәсілдерді қолдануға болады.


- мәтіндерді қайта айтып беру;
- көрнекі-бейнелік есті зерттеу;
- он сөзді есте сақтап қалып, жатқа айту;
- сандардан құралған қатарларды есте сақтау.
Мағыналық мәтіндерді қайталап айту әдістемесі мағыналық материалдың еске сақталу көлемін, мәтіннің мағыналық еске сақталу шапшаңдығы мен дәлдігін, оның есте қайта құрастырылу сипатын, еске түсірудің жылдамдығы мен анықтығын, еске сақтау қабілетінің типін анықтап береді.
Алынған мәліметтердің негізінде зерттелушінің әрекет қарқыны, ойлау белсенділігі деңгейі мен бағытталуы, көңіл күй-ерік сапаларының жекелеген жақтары, ұйымдасқандығы мен іс-әрекеттің пайымды тәсілдерін меңгергендігі сияқты басқа да жеке-психологиялық қасиеттері туралы баға беруге болады.
Зерттеуді жүргізу үшін магнитофон таспасына жазылған екі мағыналық мәтін қажет болады. Еске сақтау және еске түсіру уақыты секундтық өлшеуіштің көмегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдістеме бойынша зерттеу екі кезеңнен тұрады: а) зерттеу нәтижелерін өңдеу және есепке алу, ә) зерттеу нәтижелерін бағалау. Бірінші кезеңде алынған нәтижелерге сапалық және сандық талдаулар жүргізіледі. Екінші кезеңде уақыт көрсеткіштері салыстырылып, «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман» деген 4 балдық түрде бағаланады.
Көрнекі-бейнелік есте сақтау әдістемесінде 25 шаршыдан құралған бланкі пайдаланылады. Оның шаршыларында орналасқан сандар, әріптер, геометриялық фигуралар және сағат циферблаттары болады да, негізгі бланкіге қоса еске түсіру үшін осындай 25 бос шаршыдан құралған қосымшасы беріледі. Еске түсіруге 2-3 минут уақыт беріледі.
Нәтижелерді бағалау шаршылардың дұрыс толтырылуы бойынша жүргізіледі, сол арқылы табыстылықтың коэффициенті шығарылады.
«Он сөзді еске сақтап, жаттап алу» әдістемесі еске сақтау көлемі туралы мәліметтер береді. Зерттеу үшін қысқа, бір және екі құрамды, бір-біріне байланысы жоқ 10 сөз алынады, алдын ала дайындалған осы сөздерді тәжірибе жүргізуші зерттелушіге асықпай, анық түрде оқып береді. Зерттелуші біртіндеп еске түсіре бастағанда, ол өзіндегі жазылған сөздердің айтылғанын сызып тастап отырады. Екінші кезеңінде, толық еске түсіру үшін осы сөздер қайталанады. Осылайша бес ретке дейін қайталайды. Содан кейін тәжірибе жүргізуші басқа тапсырмаларға көшеді де, бір сағаттай уақыт өткен соң, енді өзі қайталап оқымастан, әлгі сөздерді қайтадан еске түсіруді сұрайды.
Сандардан құралған қатарларды еске түсіру әдістемесін өткізу үшін 10 екі орынды санды таңдап алу керек. Ал жүргізілу тәсілі жоғарыдағы сөздермен өткізілген тәжірибеге ұқсас болады, соңынан тиісті шарттар бойынша еске сақтау қабілетіне балл бойынша бағалау беріледі.

Зейінді зерттеу әдістері ретінде мыналар қолданылады. «Түзетулік байқап қарау әдісі» арқылы ұзаққа созылған біртекті жұмыс кезінде зейіннің шоғырлануы мен ауысымдылығын зерттеу үшін қолданылады. «Сандар мен әріптердің тіркесі» тәсілі арқылы зейіннің тұрақтылығы мен бөлінуі, уақыт тапшылығы жағдайындағы зейіннің жұмфыс қабілеттілігі бағаланады. «сандарды іздеп табу» (қара-қызыл кесте – Горбов әдістемесі) тәсілімен зейіннің көлемі, бөлінуі, ауысымдылығы және жедел еске сақтау қабілеті зерттеледі. «Шульте кестесімен» адамның зейіннің тұрақтылығын және жұмыс қабілеттілігі зерттеледі.


Сол сияқты, «Шатасқан сызықтар» әдісімен зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануын, «Ақыл-ой қозғалғыштығы» тәсілімен зейіннің ауысып бөлінуін, бір тапсырмадан қатесіз келесі тапсырмаға ауысу қабілеті зерттеледі.


Ойлау қабілетін зерттеу әдістері ішінен де тұлғаны зерттеуде пайдалану үшін тиімді болатын тәсілдер бар. «Күрделі ұқсатулар» әдістемесі тұлғаның күрделі логикалық қатынастар мен дерексіз байланыстарды бөліп алу қабілетін көрсетіп береді. «Силлогизмдер» әдісі арқылы логикалық ойлау қабілеті тексеріледі. Ал «Сөздермен логикасыз ойнау (Айзенктің тілдік-сөздік сынағы) арқылы адамның ақыл-ой қабілеті, стандартты емес ойлауды меңгеру деңгейі бағаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет