2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН



бет12/35
Дата12.05.2023
өлшемі478,96 Kb.
#91937
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Қали Алтынай 15-апта

Функциялық ассиметрияанализатордың бiр жағының жетекшi, доминантты болып табылатынын бiлдiредi.
Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау.Заттардың көлемi мен түрiн қабылдауда олардың көздiң тор қабығында бейнеленуiнiң үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескiн, кiшi заттарға кiшi кескiн сәйкес келедi. Адамның көз құрылысының ерекшелiгiне байланысты алыста орналасқан зат, көлемi жағынан бiрдей болғанымен, жақын қашықтықтағы затқа қарағанда, кiшi болып бейнеленедi. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау көру, сипап сезу және бұлшықеттiк-қимылдық түйсiктердiң күрделi үйлесiмi негiзiнде жүзеге асады.
Заттардың аумақтылығы мен қашықтығын қабылдау.Заттардың аумақтылығын немесе тереңдiгiн қабылдауда бинокулярлық көру (немесе екi көзбен көре қабылдау) негiзгi рөл атқарады.
Монокулярлық көру (бiр көзбен қарау) қашықтықты белгiлi-бiр шек маңында ғана дұрыс анықтай алады. Егер шамалы қашықтықта керулi тұрған жiңiшке жiпке бiр көзбен қарасақ, жоғарыдан тасталған кiшкентай шардың оның алдынан немесе артынан өткенiн айыру қиын. Ал егер екi көзбен қарайтын болсақ, дәл осы құбылысты дұрыс қабылдау бiзге қиын соқпайды.
Бинокулярлық көруде заттың кескiнi диспаранттық нүктелерге, яғни оң және сол көздiң тор қабықтарының толық сәйкес емес нүктелерге келiп түседi. Кескiн сәулесi бiртектес нүктелерге, яғни тор қабықтың бiр-бiрiне толық дәл келетiн нүктелерiне келiп түссе, онда кескiн жалпақ болып қабылданады. Егер зат бейнесiнiң диспаранттылығы тым үлкен болса, онда бейне қосарлана бастайды. Диспаранттылық белгiлi мөлшерден аспаған жағдайда тереңдiктi қабылдау пайда болады.


3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қабылдау ерекшеліктері.
Жекелеген психикалық процестерді дамыту бүкіл бастауыш мектеп шағында жүзеге асырылады. Балалар мектепке қабылдау процестері едәуір жетіліп келсе де, олардың оқу ісіндегі қабылдануы формалар мен түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Бірінші класс оқушылары өздері қабылдайтын заттардың қасиеттері мен сапаларына жүйелі талдау жасай алмайды. Бұл жағдай арнайы жасалған тәжірибелерден айқын көрінеді. Мәселен, бірінші класс оқушылары суретті қарап отырып салу үшін түрлі түсті құмыра алды дейік. Балалар оны тез қарап шығып, атын атайды, содан соң оның өзіне сонша көңіл аудармай, бірден оның суретін салуға ұмтылады. Олардың салған суреттінде құмыралардың көлемі де, формасы да, әр түрлі болып шығады, тіпті бір.бірден едәуір айырмашылығы да болады, өйткені балалар форманың өзіне талдау жасамаған еді. Құмыраның түсін беру мәліметтері ұқсас болады. Бірінші класс оқушылары бұл түсті танып, атап та береді, бірақ оның нақты ерекшеліктері оларды қызықтырмайды. Саралап қабылдаудағы кемшіліктер басқа тәжірибеден де байқалады.Баланың қабылдаған заттарын талдау және саралау мүмкідіктері онда заттардың жекелеген тікелей қасиеттерін аңғару мен айырудан гөрі күрделілеу қызмет түрінің ұалыптасуымен байланысты. Бақылау деп аталатын бұл қызмет түрі мектептегі оқу процесі кезінде ерекше тез қалыптасады. Сабақтардың үстінде оқушы қандай да бір пәннің және құралдың қабылдау міндеттерін алып, ал одан кейін өзі де кең түрде тұжырымдайды. Осының арқасында қабылдау мақсатқа бағытталады. Мұғалім мен құбылыстарды көру немесе есту әдістерін, бекітілген қасиеттерді жазу құралдарын балаларға үнемі көрсетіп отырады. Одан кейін бала қабылдау жұмысын дербес жоспарлау мен бастысын, көмекшілерін ажырата, қабылдаған белгілерінің иерахиясын бекіте, оларды ортақ шамасына қарай саралай отырып және тағы басқа бұл жұмысты түпкі ойлауға сәйкес алдын ала ойластырып іске асыра алады. Мұндай бақылау іс.әрекеттің басқа бағытталған және еркін бақылау формасына ие болады.


4. Көру арқылы қабылдауды анықтауға арналған әдістемелер.

Көру арқылы есте сақтау жаттығуларын орындата отырып, оқушыларды тапқырлыққа баулу;


Оқушылардың өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру, көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту;
Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу. 
Нәтижеге жету: Бірлесіп жұмыс нәтежиесіне жетуге баулу.
Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың әдіс – тәсілдер: Көрнекілік, сөздік, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекіліктері: тақта ,суреттер, сандар,үлестірмелер,жазылған сөздер,«Логика әлемі» жұмыс дәптері.
Оқушыларды топқа бөлу (Топқа бөлу әдісі күз мезгіліне байланысты жемістер бойынша топтау)
Психологиялық ахуал.
Балалар, бүгін айдың нешесі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет