2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


Дарындылық пен таланттың ерекшеліктері



бет33/35
Дата12.05.2023
өлшемі478,96 Kb.
#91937
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
4.Дарындылық пен таланттың ерекшеліктері
• Дарындылық дегеніміз – бұл қабілеттің интегралды көрінуі, психика қасиеттерінің адам өмірінде жүйелі дамуы, іс - әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде көрінетін адам жетістігінің мүмкіндігі.
• Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан – жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін (түрі, деңгейі және т.б.) анықтау болып табылады.
• “Оқыту барысында дамыту қандай маңызды болса, білік пен дағдыны қалыптастыру да сондай маңызды” К.Ушинский.
• Дарындылықтың сапалығы мен даму сипаты –тәрбие мен әлеуметтік ортаның күрделі байланысының жемісі
• Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет
• Дарындылық түрін анықтау критерийлері:
Дарындылық түрін анықтау критерийлері:
• Іс - әрекет түрі және оны психикалық сфераның қамтамасыз етуі;
• Дарындылықтың қалыптасу деңгейі;
• Оның көріну формасы;
• Алуан түрлі іс - әрекетте көріну кеңдігі;
• Дарындылықтың жас ерекшелікке байланысты көрінуі.
• 3-ші критерий бойынша дарындылықтың көріну формасын 2 – ге бөледі: ашық және жасырын. Ашық дарындылықта баланың қабілеті анық көрінеді, анықталған балаға дамыту бағдарламалары таңдалынып жұмыс жүргізіледі. Дарындылықтың жасырын түрі табиғатынан күрделі және оның көрінуін болжау мүмкін емес психологиялық феномен.
• Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды.
• Дарынды оқушылардың ерекшеліктері:
1. Ойлау ерекшелігі:
• - шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеу;
• - Әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы.
• - Кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы.
2. Ішкі-сезім ерекшелігі:
• - Сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
• - Интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы ( ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, оқуы жеңіл, оз ойын жақсы жеткізе алады, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, сыныптастарынан көп біледі);
• - Жан дүниесінің тереңдігі;
• - Кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту.
3. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
• - Өз талап тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму;
• - Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.
4. Академиялық тұрғыдан ерекшелігі:
- Оқуда есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады.
• Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:
• Баланың отбасы жағдайын зерттеу;
• Шығармашылық қабілетін анықтау;
• Сауалнамалар, психодиагностикалық тренингтерді өткізу;
Ата-анасымен әңгімелесу;
• Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;
Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданып жүрген психологиялық әдістемелер төмендегідей:
o Интеллектуалдық мүмкіншілігін анықтауға арналған тест, Н.Ржичан;
o Оқу мотивін анықтау сауалнамасы;
o Интеллектуалдық қабілет көрсеткіші, МЭДИС әдістемесі;
o Сөздік – логикалық ойлау деңгейі, Замбацявич тестісі;
o Ақыл-ой дамуының мектептік тестісі, К.М.Гуревич;
o Интеллект тесті, Р.Кеттел;
o Торренс әдістемесі адам бағыттылығы, Б.Басс әдістемесі;
o Холланд әдістемесі. Кәсіби тұлғалық типін анықтау;
o Л.Г.Матвеева «Баланың профилдік қызығушылығын анықтау»;
o Жалпы дарындылықты анықтау бағалау әдістемесі. Ата-анаға сауалнама;
o «Дарындылық картасы» әдістемесі. Савенков.
Мектеп дарынды балаларды оқыту, дамыту ортасы болу үшін оқыту үрдісі мынадай бағдарламалар талаптары негізінде құрылуы тиіс:

  • пән мұғалімінің бақылауы;

  • сынып жетекшінің бақылауы;

  • логикалық ойлау қабілетін топтық интеллектілік тест арқылы анықтау тәсілін қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет