2 – курс педагогикалық мамандықтарға арналғАН


-апта бойынша орындалатын тапсырмалар



бет34/35
Дата12.05.2023
өлшемі478,96 Kb.
#91937
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
15-апта бойынша орындалатын тапсырмалар:
1. Қарым-қатынас ұғымы, анықтамасы және түрлері.
2. Коммуникация мен байланыстың айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
3. Вербальды қарым-қатынасты зерттеуге арналған әдістемелер.
4. Қарым-қатынас тренингінің негізгі мақсаты мен функциясы


1. Қарым-қатынас ұғымы, анықтамасы және түрлері. Қарым-қатынас барлық тірі-тіршілік иелеріне тән қасиет, бірақ, адамдар арасында өте жоғары дәрежедегі мәнге ие. Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады: қарым-қатынас мазмұны, мақсаты және құрамы. Қарым-қатынас дегеніміз – байланыс жасау барысында өзара алмасатын мәліметтердің сипаты. Мазмұнына қарай қарым-қатынас материалдық, когнетивтік, кондициялық, мотивациялық және іс-әрекеттік болып бірнеше түрге бөлінеді. Материалдық – адамның өзара алмасатын заттары мен іс-әрекет құралдары. Когнетивтік - адамның бір-бірімен байланысы барысында алмасатын мәліметтер: білім, ептілік т.б. Кондициялық – адамдардың психикалық және физиологиялық күйлерінің алмасуы. Мотивациялық – адамдардың ізденушіліктерінің, мақсаттары мен қызығушылықтарының, мотивтерінің айырбасы. Іс-әрекеттік – адамдардың өзара іс-әрекеттері, іскерліктері, еңбек дағдылары арасындағы байланыс. Қарым-қатынасқа түсудің мақсаты анықтайтын аспектінің бірі бұл – қарым-қатынас мақсаты. Адамдар арасында қарым-қатынасқа түсу мақсатының сандық көрсеткіші күннен-күнге артуда. Атап айтқанда: объективті түрде жан-жақты білім алу немесе білім беру, оқу және тәрбие алу, жеке және іскерлік қатынас орнату т.б. Мақсатына қарай, олардың қажеттіліктеріне сәйкес биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді.


2. Коммуникация мен байланыстың айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Қатынасу, тілдесу (communication) — қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі. Коммуникация (communication байланысамын, катынасамын) (катысым) — адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі — оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында. Коммуникация коммуникативтік актілерден кұралады, пікір айтушылар, оны түсіндірушілер коммуниканттар деп аталады. Коммуникация үшін тілдік катысымнан басқа , бет-қол кимылы, семиотика жүйесіне жататын музыка ноталары, ойын ережелері, Морзе әліппесі, ЭЕМ бағдарламалары, математика, техника саласына қатысты кибернетика, компьютер жүйесі пайдаланылады. Сөйлеу аркылы адамдар өзара еркін түсінісе алады. Коммуникациялық кызметте тіл танымдық-белгілік мәнге ие болып, адамды әлеуметтік тұлға дәрежесіне көтерудін маңызды тірегіне айналады. Тек жеке тұлғалардың емес, қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінін арқасында Коммуникация қоғамның калыптасуына айрықша ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет